Өлең, жыр, ақындар

Егіз ерлер

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 338
Болатшылар мартенде
Құйса құрыш қайнатып,
Тояттаған жер дәнге
Шаруа жонды жайнатып.
Жұмысшы қол заводта
Машинаның бөлшегін
Құйса, шаруа қыратта
Көрем жыртқан жер шегін.
Фабрикте тоқылған
Көрсем жібек бастонды,
Соны киіп отырған
Сүйем елде жастарды.
Шопан баққан қырдағы
Жібек жүні қойлардың
Костюм болып тұрғаны
Өрнегі мың қолдардың.
Тоқушының өрнегін
Ел білмесе, кім білер,
Желпіп жібек көйлегін
Би билейді жеңгелер...
Аңсаған ел алыстан
Тауып мәңгі арманын,
Құшақтары қауысқан
Жұмысшы мен шаруаның.
Даңқы жерді тұр орап
Достықтың да ерліктің,
Айқасып-ақ балға-орақ
Тұр бетінде гербтің.
Далада дән, тауда кен
Толқындата құйғандай,—
Кенші жігіт шаруамен
Бір анадан туғандай.
Өмірім жоқ өксіген
Тұр аймағым арналы,
Егіз ерлер — деп сүйем
Жұмысшы мен шаруаны!

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әлжеке

  • 0
  • 0

Әлжеке, жақпарында жүрек таудың,
Сен жастан қолға қайла, күрек те алдың.
Ержете қайла орнына қалам ұстап,
Таңында тас түлектей түлеп те алдың.

Толық

Тұтқын

  • 0
  • 0

Торда отырмын, дымқыл сазды тас тұман,
Мен еркі жоқ асыранды жас қыран,
Қанат қағып менің мұңды жолдасым,
Қанды ас шұқиды терезенің астынан.

Толық

Дуэль

  • 0
  • 0

Ызғарлы жерді жапқан аппақ қардың,
Сыңсыған сұрғылт қысқы қара орманның,
Томсарып ортасында ақын тұрды
Күткендей ажал оғын сұм заманның.

Толық

Қарап көріңіз