Өлең, жыр, ақындар

Ажал мен өмір

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 460
Адамзат өсіп, өніп түрге енеді,
Ағаш та көктем туса бүрленеді,
Аяймын, тек аз ғана өмір сүріп,
Гүл неге семер болса гүлденеді?
Туудың өлер болса қажеті не,
Адамның болса өмірге бір керегі?
— Табиғат!— неге олақ жасағансың
Туғанға — өлу деген өнегені?
Жойса ғой «ажал» деген сұмдықты өмір,
Әйтпесе өлгісі кеп кім өледі?
Бұзар ем ерік берсең тәртібіңді —
Өшіріп елім атты неменеңді!
Қолымда болса менің,— мың ажалға
Бермесем жақсы жазған бір өлеңді!
Өлімді ақын жеңді деп ұғамын,—
Жасаса өлмейтұғын тірі өлеңді!

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен Октябрь ұлымын

  • 0
  • 0

Қараңғы ащы тұрмыстан,
Қиындық көріп ығысқан,
Құл боп, күң боп жалынып,
Бай табына туыстан.

Толық

Жатыр едім тыныстап

  • 0
  • 0

Тау төрінде тыныштап
Бойға ауасын сіңіріп,
Жатыр едім тыныстап,
Түн самалын сіміріп,

Толық

Грузин қызы

  • 0
  • 0

Екі өзен — сұлу Кура, Арагва —
Тоғысқан ағысының торабында
Көз тігіп тұрды келіп толқындарға,
Жас қызы Грузиннің қарады да...

Толық

Қарап көріңіз