Өлең, жыр, ақындар

Жатыр едім тыныстап

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 210
Тау төрінде тыныштап
Бойға ауасын сіңіріп,
Жатыр едім тыныстап,
Түн самалын сіміріп,
Жатыр едім албырап,
Тәтті ұйқыға тербеліп,
Құлағыма, ал – бірақ
Сылдыр-сылдыр үн келіп,
Кез ұйқыдан оянып,
Сергек сезім елеңдей,
Қосылып бір толғанып
Қыздар салған өлеңдей –
Жалт қарасам жақын кеп
Толқын көшіп бір дүрмек,
Кеудедегі ақынның
Өлеңіндей күмбірлеп
Өрден аңсап төменді
Таудың мөлдір бұлағы
Жыр шеріте жөнелді
Гүл бағына қырдағы...
Кең далама гүмбірлей
Менің дағы өлеңім,
Сол бұлақша дүрілдей
Жатса екен тез дер едім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің республикам

  • 0
  • 0

Талай ақын сәулетіңді толғаған
Жыр жұлдызы болдың, Қазақстаным,—
Жүректе ел қуанышы ойнаған,
Еркін Отан туын бірге ұстадың!

Толық

Алтын күрек

  • 0
  • 0

Па, шіркін! Биыл алтын дән
Аузын аш деп қамбаның,
Қырманға симай артылған,
Үйілген қызыл тау дайын.

Толық

Аймағым

  • 0
  • 0

Айы туып аймағым, –
Күн астында күлімдей,
Алақанға арманын
Алған бақыт гүліндей, –

Толық

Қарап көріңіз