Өлең, жыр, ақындар

Алтын күрек

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 471
Па, шіркін! Биыл алтын дән
Аузын аш деп қамбаның,
Қырманға симай артылған,
Үйілген қызыл тау дайын.
Биік боп көкке тиіп пе ең,
Қардан сауыт киген тау?
Көз тартқан сендей биіктен,
Алтын дәннен үйген тау!
Ал, таңғалсын бүкіл жұрт,
Деп бар күшті салайын,
Майданнан келген қара мұрт,
Күміс шалған самайын.
Бір дән шашпай тақырдан,
Алып қолға күрегін,
Желге желпи сапырған,
Сыбанып жұмыр білегін.
Дәннен інжу шашқандай
Соққан желмен аңқылдап.
Алтын күрек аспандай,
Ай астында жарқылдап.
Күрек алса қолына,
Қара мұртты ағайдың
Елестейді ойына
Майдандағы талай күн...
От шашқан күн жан-жақтан,
Күркіреп күндей зеңбірек,
Баспаналар жер тапқан,
Тоңды аударып қол күрек.
Кешегі майдан күрегін
Күрегіне қырманның
Ауыстырып, білегін
Сыбанып мынау тұрған кім?—
Десеңіздер, ел ері
Еңбегі елдің есінде,
Еңсесі биік, медалы
Көз тартады төсінде.
Жарқылдатып күрегін
Ай батып, күн шыққанша;
Алар емес ер демін,
Шатырын қырман жыққанша.
Құлашта, ерім, түн қатқан,
Күн сүйген алтын күрегің.
Інжу дән таудай көз тартқан,
Қытықтап елдің жүрегін.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нейлон көйлек

  • 0
  • 0

О, туған жер!
Өзіңмен
Өткен жылың сырласың
Өрекпіген сезіммен

Толық

Себеле, себеле!

  • 0
  • 0

Күзгі аспан, бұлт кезі жасаурап,
Қайтеді, сәл тамшы себе ме?
Сепсең сеп, ал жаңбыр, жау саулап,
Күзгі нұр себеле, себеле!

Толық

Түс

  • 0
  • 0

Түсімде: жар тас басынан
Секіргім келді теңізге,
Тыныштық сүйгіш, ән салған,
Періште маған сол кезде:

Толық

Қарап көріңіз