Өлең, жыр, ақындар

Теңіз жағасында

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 742
Отырсаң көк теңіздің жағасында,
Қаласың қызыққа бір қанасың да;
Қыз қуып суда жүзген жігіттерді,
Мәз-мейрам мөлдір толқын аясында.
Қыздардың күнге күйген ақ білегі,
Құлаштап көк толқынды қақ бөледі,
Қыз сүнгіп кетсе суға, жігіт дағы
Шыққанын сүңгіп бірге бақ біледі.
Тасқынды бүгін теңіз кәрінде екен,
Жүзгенді аршындатпас арынды екен!
Шалқалап жүзген сонау Элико ма,
Жете алмай қалған біздің Кәрім бе екен?
Ойлап қыз жүзіп ұзақ алқынбасын,
Жайды да көк толқынға алтын шашын,
Ілезде сылаң етіп сұлу бір кез
Ойнақтап шықты суға шарпылғасын.
Аспанның көшкен түйдек ақ бұлтындай
Кек толқын ақ көбігін атты тынбай,
Жағада қоян бүйрек жатты тастар, –
Әжемнің шиге жайған ақ құртындай.
Қыздар кеп қыпша белді, күмбез төсті,
Назданып пан, денесін күнге тосты,
Елестеп шіркін жастық кетті ме әлде,
Көрмегір, көзім соған неге түсті?!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тау қызы

  • 0
  • 0

Тұр Алатау ұйқысынан оянып,
Ұстап жібек бұлт шатырын басына,
Ақ төсіне бозғыл тұман оралып,
Қарағайы иығына асыла.

Толық

Жастық шақ

  • 0
  • 0

Кіршіксіз таза көңілі,
Достықтан басқа ой ойламай,
Бал мінез бала өмірі,
Төзе ме, мәз боп ойнамай.

Толық

Ол туғанда

  • 0
  • 0

Ол туғанда дүнияға
Бірінші рет көзін ашып,
Жатты гүрс-гүрс қан майданда
Мылтық оқтан жалын шашып...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар