Өлең, жыр, ақындар

Жастық шақ

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 836
Кіршіксіз таза көңілі,
Достықтан басқа ой ойламай,
Бал мінез бала өмірі,
Төзе ме, мәз боп ойнамай.
Даладан жазда гүл теріп,
Өзенге жүзіп балықтай;
Үстіне нұрын күн төгіп,
Шапқылар бала шалықтай.
Бұлт жауып қабағын,
Күз түскенде сұрланып;
Шуласып, оқып сабағын
Кітабын шығар қолға алып.
Қуана қарсы ап ұландар
Қыс түскенде қар жауып,
Сырғанақ теуіп құлдырар,
Екі беті нұр жанып.
Сәулетті біздің Отанда
Білімнің көзі ашылған.
Ұмтылса ұлан оқуға,
Өнерден сәуле шашылған.
Кім боламын десе де,
Таңдауына жол ашық.
Өмірі сай есуге,
Бақытқа туған жарасып.
Өмірді байтақ ана ғып
Жүректі таза ашып сап,
Сайран салған балалық,
Аяулы алтын жастық шақ.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүлге

  • 0
  • 0

Әдемісің бұлбұлдай, қызыл гүлім,
Қонайын деп мен саған келдім бүгін.
Жүрегімді толқытқан сенің өзің,
Сәуле шашқан сен үшін нұрлы күнім.

Толық

Тұтқын

  • 0
  • 0

Күнбатыста көрем бұлттың түнеуін,
Көгінде ай жоқ... қайғылы түн түнегін.
Сол түнекте, қанды жасы кел болып,
Қандай ғана жан жылауда білемін;

Толық

Бесжылдықтың балғасы

  • 0
  • 0

Солқылдата соғылсын
Бесжылдықтың балғасы!
Арқырасын асаудай
Өндірістің арнасы!

Толық

Қарап көріңіз