Өлең, жыр, ақындар

Қыр бораны

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 199
Бет қаратпай өткенді
Қарды боран сапырып,
Ысқырып жел, көктемді
Тұрғандай нақ шақырып!
Айбынды осы аймақта
Аумай Аяз атадан,
Бір кәрия аулақта,
Шолып тыңды жотадан:
«Жатса бүгін неғұрлым
Қырды күртік қар жауып,
Шығар ертең солғұрлым,
Жерден бітік дән жарып.
Дәнге толық қоймасы,
Қысты елемей Қостанай,
Арқа жоны қарды осы
Алды қарсы тосқандай.
Көктем туса, күн жылып,
Қардың суын жер ұрттап,
Жазда жарқын уылжып,
Дән жайқалар жез мұрттап!»
Деп, қамбашы баланы
Арқасынан қағады,
Қар жамылған даланы
Шал тағы да шолады...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шіркін-ай, не еткен даласың

  • 0
  • 0

Күн қарытпай, көзіне
Алақанын күндік қып,
Қарап қырдың жүзіне
Тұрған қарттан үнді ұқтық.

Толық

Болат балға

  • 0
  • 0

Көк құрыштан болат балға құйылған,
Алғыр алмас тегеуірінді бұрыннан.
Шын еңбектің шым-шым қайнап суына,
Суарылып қорытылған қиыннан.

Толық

Жаз

  • 0
  • 0

Сөнеді көктем сөнеді.
Келеді жайнап ыстық жаз,
Шыбын-шіркей ереді,
Шымшып шыққан гүлге мәз.

Толық

Қарап көріңіз