Өлең, жыр, ақындар

Жанымда менің жаз үні

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 481
Менің кейбір құрбыларым назданып:
– Тәке, неге лириканы аз жазып
Жүрсіңіз? – деп, мін тағады, – жүрекке
Күз жеткен бе, сізден көктем, жаз қалып?..
Бәлкім, осы олардың жай әзілі
Болса дағы болмас пікір қазығы,
Күзі несі? – Жанымда әлі жаз үні,
Көңілімде қаңқылдаған қаз үні...
Әділ ойды кім кетеді тыңдамай,
Әр ақыннан шыққан, бірақ, үн қалай?
Түсінбеймін, лирика – тек сүю ме? –
Лириканы түсінеді кім қалай?
Лирика – тек, қыз бен гүлдің жыры ма,
Өліп-өшкен ғашықтың, ия, сыры ма?
Содан кем бе, жұрттың жаны жай тауып,
Өмір жайлы тұрса – жырға жылына...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Табыт

  • 0
  • 0

Тоқсандағы Фаруқ шал
Ұйқыдан бір күн оянып.
Қолымен басын сүйеп сәл,
Отырды ұзақ ойланып.

Толық

Сәлем саған, туған жер!

  • 0
  • 0

Ұштың, Валя, зуылдай,
Шарлап аспан жұлдызын,
Бұрқырап алтын құйындай
Бұлыңғыр көкте қалды ізің.

Толық

Жаз

  • 0
  • 0

Аймағымды аялап,
Алтын қанат туса жаз;
Айдын көлді қиялап
Қаңқылдап ұшар үйрек, қаз.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар