Өлең, жыр, ақындар

Жаз

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 327
Аймағымды аялап,
Алтын қанат туса жаз;
Айдын көлді қиялап
Қаңқылдап ұшар үйрек, қаз.
Аққу жүзіп көлінде,
Гүлге қонып көбелек.
Сұлу жазда менің де
Көңіліме күй келеді.
Аймақтың алақанынан;
Көктемде жерге шашылған,
Ұзарып өсіп інжу дән,
Ат құлағын жасырған.
Шалқар егін жайқалып,
Секілді шексіз дария,
Теңселгендей шайқалып,
Толқындай ұрған жарына.
Күзетінде елінің
Тұрған түнгі солдаттай,
Күзетшісі егіннің
Ырысын күткен ардақтай.
Көз тіксең қырға азырақ,
Қой, қозы шулап жамырап,
Жайлауда жылқы азынап,
Даусынан тау жаңғырады.
Қайыруға дауыстап,
Жылқышыдан шықса айқай.
Осқырынып, ойқастап
Құйрық атқан құлын, тай.
Құрық алып жылқышы,
Қой қайырып малшылар.
Күзетіп малды түн іші,
Сызылтып салған ән шығар.
Елге ойдағы, қырдағы
Қақтырып жарқын жаз жайраң...
Қызып еңбек думаны
Шаттанып жұртым мәз-мейрам.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Май айына

  • 0
  • 0

Қызыл арай нұры жанып,
Көрдім туған көктің күнін.
Алатаудан бұлтты жарып,
Көтергендей алтын туын.

Толық

Жақсы екен

  • 0
  • 0

Құм жолы асфальт емес қой
Кездеседі дөңес, ой,—
Мінгеніміз сұр газик,
Тоқтауды ол білместей,

Толық

Пушкінді көргенде

  • 0
  • 0

Сұрғылт түс, суық жүзді Петербурдың,
Бұрынғы патша үкімі тұрған жердің,
Гүл бақша еккен патша селосында,
Ақынның тастан құйған кейпін көрдім.

Толық

Қарап көріңіз