Өлең, жыр, ақындар

Май айына

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 336
Қызыл арай нұры жанып,
Көрдім туған көктің күнін.
Алатаудан бұлтты жарып,
Көтергендей алтын туын.
Шаттық жырлар шомылдырған
Отанымның ойы-қырын.
Күші күнге бас игізген.
Құрыш қуаты елдің бүгін.
Ай күлімдеп, жұлдыз билеп,
Тыңдағандай ақын жырын.
Сүйді халық махаббатын,
Төгілді де тілден шырын.
Самолеттер аспанда ойнап,
Ұққызғандай көктің сырын.
Болат дене танкі қаулап,
Халық қуанып қаққан күлім!
Атты әскерлер нажағайлап,
Алдаспандар жарқ-жұрқ жайнап,
Жаудың құтын алатұғын.
Жермен жексен етер бұлар,
Отпен өшіріп жау өмірін.
Лениншіл қуатты ұрпақ
Ел шетінде тартқан шебін.
Жау келе алмас аттап аяқ,
Баса алмайды бақыт жерін!
Қыраннан да қырағылар
— Қызыл ерлер қорғайды елін!
Еркін еңбек кестелеген,
Қандай әсем жерім менің.
Уыз дәннен ту көтерген,
Толқындана еккен егін.
Сол еңбектің әрбір дәні,
— Көк қорғасын оқтай, дәрі,
— Қашырады жаудың ебін.
Құйған бекем құрыш тастан
Көрем берік Отан шегін.
Біздің елдің жері, көгі,
Жер, су, көкте жүрген ері,
Бақытты елдің таң сазынан
Көкірек кере алған демін.
Май айының шуағындай,
Барлық әлем шырағындай,
Отанымның май айында,
Бақшадағы жас бұлбұлдай,
Жыр шығарды қызыл тілім.

1938



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктемгі найзағай

  • 0
  • 0

Алға әлдилеп арманды
Алып келді бұл көктем,
Дүр сілкінтіп тауларды
Күркіреді күн көктен!

Толық

Нұра бойында

  • 0
  • 0

Ақ төсін сүйін Арқаның,
Аққан бойын Нұраның
Аралап елін, алқабын,
Көрдім егін орғанын.

Толық

Греция

  • 0
  • 0

Әлемге,
Греция, алыстағы.
Сұлулық бесігі едің —
Сен бастағы!

Толық

Қарап көріңіз