Өлең, жыр, ақындар

Нұра бойында

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 418
Ақ төсін сүйін Арқаның,
Аққан бойын Нұраның
Аралап елін, алқабын,
Көрдім егін орғанын.
Егінді орып жиған жан,
Күн-түні қырман басында.
Сыпырып терін маңдайдан,
Жұмыста кәрі, жасы да.
Мың қора қой қосақтап,
Қойған дайын қарасаң,
Қырманда тұр қос-қос қап,
Сан жетпейтін санасаң.
Тұрған көз дертін ел күші,
Жем тілеп тер, дән тілеп.
Қадалта оқтай қиырға
Қарашығын көзімнің,
Қарасам дала қырында
Колхозды ауылым өзімнің.
Бейнесі өмір көркіңдей,
Көрінген жайнап жотада.
Сызықты дәптер бетіңдей,
Сызылған дала соқаға.
Сызығында дәптердің,
Десең жерді сызған кім?
Сызған — ері көктемнің,
Еңбегі елдің қызған күн.
Танкі табан трактор
Соқасын тіркеп құрсанған,
Қыртысын терең іреп тұр,
Көктемде жердің бусанған.
Жорытқан темір дүлдүлдер,
Ылдидан шапса төске өрлеп.
Ізіне басқан жер гүлдер,
Безеген қырды кестелеп.
Астында әне Тұраптың
Ойнақтап темір дүлдүлі.
Жонып жортқан қыраттың,
Қиқу салып күн-түні.
Ілмей жалғыз кірпігін,
Сыбанып қошқыл білегін,
Тарақтаған жер түгін,
Атсын деп жаз гүл егін!
Солқылдата соқтырып
Даланың еңбек бүйірін.
Салалы саусақ септі ұрық,
Шашпай дәннің түйірін.
Қайраттана, қаттана,
Қалың ел қауырт шүйіліп,
Серпіле, сертпен аттана,
Шықты егіске жұмылып.
Қимылда, жыртып қырды, ойды,
Бусанған жер кепкенше,
Мезгіл күтіп тұрмайды,
Көк бұлт жаңбыр төккенше.
Інжу дән шашып болған соң,
Жер ананың қойнына,
Аспаннан нөсер нұр жаусын,
Құйылып қыр мен ойыма!
Қауызынан бір дәннің
Миллион дән өсіріп,
Шықсын, елім, егінің
Таудан бойын асырып.
Осындай қызық думанды
Аралап бойын Нұраның,
Кердім қызыл қырманды,
Жырламай, қалай шыдармын.
Елге сәлем бергендей,
Сондықтан шырқап жыр кетті.
Бұрала ағып, бөгелмей,
Жырды да Нұра тербетті.

1949



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Эммаға

  • 0
  • 0

Аруым, – айрылысар жетті кезің
Амалсыз қоштасуға сүйгеніңмен,
Ұйқы жоқ жатар енді балқып сезім,
Ылажсыз сезілер мұң реңіңнен.

Толық

Ертеңгі дабыл

  • 0
  • 0

Таң ағарып қалғанда,
Күн шықты әне, күн шықты!
Шатыр толған алаңда,
Сызылып бір үн шықты.

Толық

Қош келдің

  • 0
  • 0

Көктен тосып сүйіне
Жыл алдынан шығып ай,
Жер мұз көйлек киіне,
Жалтырады шыныдай.

Толық

Қарап көріңіз