Өлең, жыр, ақындар

Бір қыз көрдім

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 633
Бір қыз көрдім кинода
Бейне жанды қуыршақ;
Аты кім, деп қинама,
Шырамыттым түрін шақ.
Шошайта бір үйілген
Шашы бейне шөмелей,
Төбесіне түйілген
Қойғандай-ақ шегелей.
– Сұлу шашың, шырағым,
Сыймады ма басыңа?
Дегім келіп сұрағым,
Дей алмадым ашына.
Сыбап қара бояуға
Сырлапты көз сүрмелеп;
Таңырқадым оған да, –
Сахнада жүр ме деп?
Шақ ұстадым өзімді
Ұялғаннан тұтанып,
Айта алмадым – көзіңді
Бұзбасын деп у тамып.
Боялыпты қап-қара
Кірпігі де малшынып,
Қараса – тұр атқалы
Садақтайын шаншылып..
Неге өзіңді әуреге
Салдың бояп құлшынып?
Дегім келді бірдеңе,
Дей алмадым қысылып.
Көйлегінің етегі
Делдиген бір парашют,
Сезе ме екен,
ол тегі,
Тұр мағанын жарасып?
Соны көріп,
тағы да
Қызарып, бір қуарып,
Айтайын деп қалдым да,
Айта алмадым ұялып...
Өз келбетің мың есе
Сұлу күллі бояудан,
Өз жүзіңнен,
немесе,
Бояу сұлу дей алман!
Сұлулықты жан ылғи
Бояп қолдан жасар ма,
Өз көркіңнен табиғи
Жалған бояу асар ма?
Сырды неге сыбадың,
Ұнат, мейлің ұнатпа?»
Дегім келді, – шырағым.
Дей алмадым бірақ та!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ф. Г. ға жауап

  • 0
  • 0

Жоқ, ол черкес қызы емес,
Грузия қырынан
Ондай қыз туған емесеш;
Мұңды Казбек шыңынан.

Толық

Көктем

  • 0
  • 0

Күлімдеп келсе көктем гүлін ашып,
Бөленер алтын нұрға тау мен қия.
Қар көзінің жасынан інжу шашып,
Жасанар тал, құстар да салар ұя.

Толық

Добролюбовке ескерткіш

  • 0
  • 0

Жан едің жүзі суық жас шағыңнан,
Ақылға құмарлықты бағындырған.
Оқыттың даңқты еркін өмірге айқын
Үйреттің өле білуді онан да арман.

Толық

Қарап көріңіз