Өлең, жыр, ақындар

Добролюбовке ескерткіш

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 369
(Некрасовтан)

Жан едің жүзі суық жас шағыңнан,
Ақылға құмарлықты бағындырған.
Оқыттың даңқты еркін өмірге айқын
Үйреттің өле білуді онан да арман.
Дүниенің біле тұрып рақатын
Бетке ұрдың, тазалықтың сақтап парқын.
Жүректің аңсағанын талықсытпай,
Еліңді ғашық жардай сүйдің жарқын.
Еліңе еңбек, үміт, және ойыңды
Бағынтып бердің таза жүрегіңді;
Шақырып жарық ұжмақ, жаңа өмірге
Бөлеуге тәжді маржан-інжілерге
Сыйыңды әзірледің сүйгеніңе.
Сағатың тым ертерек соғып таңнан,
Құлады тапқыр қалам түсіп қолдан,
Лап сәніп қай ақылдың шам-шырағы
Қай жүрек соқпай қалған, тоқтай қалған.
Жылдар өтті, құмарлық басылды асқан,
Қалықтап сенсін биік үстен ұшқан,
Орыс жері, жасың төк!
Бірақ, мақтан,
— Гүлденген сұлу күнді зәулім аспан.
Мұндай ұлды сен туып таба алмап ең,
Қойныңа да қайтарып ала алмап ең,
Жаралған жанның сұлу қазасынан
Бар мейірім бір өзіңде саналған тең.
— Табиғат — ана!— егер мұндай жаннан,
Кей кезде бұл сықылды адамдардан,
Өмірге оқта-текте жібермесең,
Болар ед өмір гүлі қаран қалған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Суретшілер

  • 0
  • 0

Ұлым менің өнер сүйген
Үйреніп жүр сурет салып,
Көк тоғайға сол ертеңмен
Көз тігеді ылғи барып.

Толық

Доп ойнайтын алаңда

  • 0
  • 0

Жуынып алып шықты олар,
Доп ойнайтын алаңға.
Балаға алаң шып толар,
Жақ-жақ боп, доп қағарда.

Толық

Грузия

  • 0
  • 0

Жақсы елі — Грузия Колхиданың,
Кім сүймес қарлы тауын, көркем бауын
Бұлт таласқан Қазбек биігіндей,
Көріп тұр оның сұлу халқым бағын!

Толық

Қарап көріңіз