Өлең, жыр, ақындар

Автобуста

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 407
Автобуспен жүріп келем
Асуынан Қаскелең;
Онда толы жігіт-желең,
Отыр уыз жас кілең,
Бірі ығысып бермеді орын, –
Жасы үлкен деп тік тұрып,
Тұтқаны ұстап талды қолым,
Кімге не айтам ұқтырып...
Көбі сәнді киініпті,
Әрі әдемі өздері,
Бірақ, шаң-шұң үні мықты,
Әдемі емес сөздері.
Мен де әсем киінуді
Сүйемін де құптаймын,
Бірақ, аса бүлінуді
Сүймеймін де, ұқпаймын.
Көз алмай бір жас жігіттен
Тұрдым, тоңған дірдектей,
Дударланып шашы кеткен
Дауыл ұрған теректей,
Шашы үрпиіп тұр жалан бас
Шалбары тар аш шектей,
Шікірейген бір шолжың жас
Ескен сөзді ескектей.
Құс тұмсықты туфли мен
Қызыл носки аяқта,
Көзі жұртқа түртінумен
Тұр ұрсуға таяп та...
Әз үйінде отырғандай
Бір кез алып сигарын
Тартты, бұрқ-бұрқ түтін
қандай?.
Мен сол жерге сыймадым.
– «Әу, жас жігіт, әдеп бұзба
Дей бергенше кондуктор.
Ол жаудырды «нәлет»... қызға
Жұрт түйілді аңдап бір.
Сол сәт достар жасағының
Қолғанаты кіріп кеп,
Әлгі бір асау інім
Басын иді, тынып тек.
Оқта-текте мыңнан бірін
Көрсем сондай баланың,
Соны өсірген мейірімін
Аяймын мен ананың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Октябрь

  • 0
  • 0

Волга менен Эльбаның
Бойларын біз басқанда,
Кавказ бенен Карпаттың
Тауларын біз асқанда.

Толық

Ажал мен өмір

  • 0
  • 0

Адамзат өсіп, өніп түрге енеді,
Ағаш та көктем туса бүрленеді,
Аяймын, тек аз ғана өмір сүріп,
Гүл неге семер болса гүлденеді?

Толық

Май толқыны

  • 0
  • 0

Май толқыны толқып, қайнап,
Қайыстырған жерілді.
Аспанға асып,
Ұран тасып,

Толық

Қарап көріңіз