Өлең, жыр, ақындар

Тарас тауы

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 300
Мұңсыз тауы Тарастың
Минут сайын биіктеп,
Жырға бөлеп ай астын
Тарас тур бас иіп кеп.
Өз тауының басында
Таудан да өзі биіктеп
Тур толқын қып шашуға
Жырдан бұлақ құйып тек.
Ай астында жарқырап
Ақын Тарас жырындай
Жалт-жұлт шалқып жатыр-ақ
Днепро құйындай!
Тау басында тас тұлға
Тіп-тік Тарас мүсіні,
Днепрдей тасқынға
Атылған көз ұшқыны...
Қара бұлттай жалбырап
Түкті қалың қабағы,
Мұрт шалғысы салбырап
Днепрге ол қарады...
Өзен – төмен, ол – биік,
Қарауда ылғи биіктен,
Өзен толқын тұр құйып
Жердің төсін тіліп кең.
Украинам, деп оқыр –
Ұшқынында көзінің
Жатыр шалқып Днепр
Өр жырындай өзінің!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің далам

  • 0
  • 0

Даламның көктем туа тау, қырлары
Жаңғырып, жазда қай гүл жарылмады,
Шөп түбі саусақтардың саласындай
Жерде алыс жатыр терең тамырлары...

Толық

Өлеңім - полюс жұлдызы

  • 0
  • 0

Ұшқыштар ұлы отаннан қанаттанып,
Одақтан Солтүстікке қанат қағып,
Ұшқанда, пропеллер әнін қосып,
Самғады өлеңім де бірге аттанып!

Толық

Шопан әні

  • 0
  • 0

Мен колхоздың шопаны шарықтаған,
Қасқыр тісін бір қойға дарытпаған,
Жүні жібек, сүті уыз, қозысы егіз,
Қой құйрығын аязға қарытпаған.

Толық

Қарап көріңіз