Өлең, жыр, ақындар

Шопан әні

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 523
Мен колхоздың шопаны шарықтаған,
Қасқыр тісін бір қойға дарытпаған,
Жүні жібек, сүті уыз, қозысы егіз,
Қой құйрығын аязға қарытпаған.
Мыңғырып өсіп таралған
Саулығым артық маралдан,
Қозыларым егізден,
Иесі өзім өргізген.
Қой бастаған ақ серке ай мүйізді,
Қауын желін саулықтар, сары уызды
Бетегенің қой қоздап түбі сайын,
Ойымыз бен толтырған қырымызды.
Маңырама, қойым, шулама,
Шәйт, шәйт!— қандың суға да;
Көк жайлауға жаямын,
Бабыңды тауып бағамын.
Мен колхоздың шопаны қойды баққан,
Мың-мың саулық мыңғырған қозы тапқан;
Еңбегімді күндей ғып жарқыратып
Өкіметім төсіме орден таққан.
Шәй, шәй, қойым, шәй қойым,
Құйрығың қардай май қойым,
Өсе бер төлдеп егізден,
Итке, құсқа тигізген.

1949



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Миллиардтың қоймасы

  • 0
  • 0

Жаз — егін, самиян дала, саладағы
Телегей теңселген тың даладағы
Масағы ақ бидайдың көкке мезгеп,
Секілді шаншылған сан садақ оғы.

Толық

Кей жолдасқа

  • 0
  • 0

Кей жолдастың байқасаң мінез, құлқын,
Кейде — кірбең керілген, кейде сылқым.
Кейде жылы шыраймен жақындасса,
Кейде — сөзге үйір-ақ қиқым-сиқым...

Толық

Хош келіпсіз!

  • 0
  • 0

Шырын тілді бұлбұлдары өзбектің,
Келіпсіздер ұшып көктем шағында,
Аңсай күтіп жолыңызды күзеттім,
Сайра, сайра, – менің алма бағымда!

Толық

Қарап көріңіз