Өлең, жыр, ақындар

Хош келіпсіз!

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 352
Шырын тілді бұлбұлдары өзбектің,
Келіпсіздер ұшып көктем шағында,
Аңсай күтіп жолыңызды күзеттім,
Сайра, сайра, – менің алма бағымда!
Жырымыз да құстай самғап бір ұшқан,
Қолыңызды қысады ыстық қолымыз,
– Сәлем, сәлем! Сүйікті өзбек туысқан,
Хош келіпсіз, хош уақытта болыңыз!
Жыр лебізін сіздерге арнай құйғанда,
Әр жолында дос лебі тұр бұл хаттың,
Төрім дайын – өздеріңдей мейманға, –
Шам-шырағын алып келген Фархаттың!
Жолыңыздың өзі де бір жыр жатқан,
Келдіңіздер – тұрғанда жер гүл жарып,
Келдіңіздер – жанға жайлы нұр жаққан
Өздеріңмен көктемді де бірге алып.
Достарды аңсап, көрісуге асыға,
Айқара бір ашып есік, әйнекті,
Қуанышты құлашымыз ашыла
Құшақтаймыз, Ғафур Ғұләм, Айбекті!
Бұлбұл сайрар тоғайлы бір аланда, –
Қырмызыдай қызыл гүлі жаз атса,
Сол бұлбұлдай менің сұлу даламда,
Өзбек жыры сайрап кетті қазақша!
Алдыңыздан гүл көтеріп даламыз,
Алматының ақты өзені сызылып,
Көкке жасыл ту көтеріп, қараңыз,
Теректер де сапқа тұрды тізіліп.
Аппақ күміс ашып төсін Алатау,
Тәжім етті, желпіп жібек самалын!
О да бейне сізге тіккен ақ отау,
Жасыл гүлге жамылтып бар алабын.
Жырымыз да құстай шырқап бір ұшқан,
Қолыңызды қысады ыстық қолымыз!
– Сәлем, сәлем! Сүйікті өзбек туысқан,
Хош келіпсіз, хош уақытта болыңыз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қысқы ымыртта

  • 0
  • 0

Мұхитына көкжиек
Қызыл қанат күн батып,
Оранғандай ақ жібек.
Мұз құрсанды қыр қатып,—

Толық

Есік көл

  • 0
  • 0

Бұл не деген ғажайып көл,
Тау басына орнаған?
Желпи сүйіп тек самал жел
Толқынымен ойнаған.

Толық

Май айына

  • 0
  • 0

Қызыл арай нұры жанып,
Көрдім туған көктің күнін.
Алатаудан бұлтты жарып,
Көтергендей алтын туын.

Толық

Қарап көріңіз