Өлең, жыр, ақындар

Есік көл

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 529
Бұл не деген ғажайып көл,
Тау басына орнаған?
Желпи сүйіп тек самал жел
Толқынымен ойнаған.
Айнала құз, кемері тас
Көл дөңгелек айнадай,
Қызыққаннан құмар қанбас
Шабытты жыр арнамай!
Сұлулықтан махаббатқа
Көл сезімді өсірген.
Жаратқанда табиғат та
Танған шығар есінен...
Талай ғашық келген шығар
Осы көлдің басына,
Жолығысып жүрген шығар
Сүйеніп жартасына;
Талай жігіт бұл көліңнен
Жүйрік атын суарып,
Талай сұлу көздерінен
Сүйген шығар бұралып...
Кім біледі екі ғашық,
Әлде, мұнда жатты ма?
Сүйісе алмай мауқын басып,
Әлде, суға батты ма?
Есік көлде қудай жүзіп,
— Үстінде біз қайықтың,
Сұлулығын көзбен сүзіп,
Көрдік көлін тарихтың.
Мұндай сурет жасай алмас
Суретші де, ақын да,
Не ғажайып кіршік шалмас,
Сыймас көркі ақылға.
Қарап тоймас адам көзі,
Шабыттанар ақылы.
Мұны істеген өмір өзі
— Сұлулықтың ақыны!
Осьі Есік көл емес жалғай
Алматының қасында,
Менің де өмірім күндей жайнай
Көркейді көл басында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қашан пайдам тиеді

  • 0
  • 0

Араладым адырдағы бадалды,
Жүрегіме қу тікенек қадалды.
Жылан шақты, зәрін шашты, улантты,
Таба алмадым ем істейтін адамды.

Толық

Жер екен

  • 0
  • 0

Абхазия гүл бағы
Бұлбұл сайрар жер екен,
Көк бұлты да таудағы
Көк теңіздің лебі екен.

Толық

Таң арайында

  • 0
  • 0

Таң саясын құшқалы
Сәулетті сан жыл өтті...
Самғап бақыт құстары,
Жеріме елім гүл екті.

Толық

Қарап көріңіз