Өлең, жыр, ақындар

Жыл құсы

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 549
(«Жыл құсы» журналына арнап)

«Жыл құсы» жаңа туды қанат сермеп,
Ұшуға ыңғайланып жоғары өрледі,
Қатпаған қауырсыны жас балапан,
Талпынды алға қарай күші кернеп.
Жазғы таң құшағында сайран салып,
Аспанның аясында самғап гулеп.
Оятып ұйқысынан сахараны,
Ойлайды сергітуге үнмен тербеп.
Сырнайдай ән сызылтпақ үн жіберіп,
Көмекші, көтермекші болса серік.
Пернелі нәзік шектен күй шырқамақ,
Егер бабын тапса жемін беріп,
Ол жемі: қаламгердің тіл үшінде,
Еңбектің күйін шертіп берсе теріп.
Жем шашып, балапанды шырқатуға,
Жас қалам, желпіндірер жырлар төгіп.
Қаламгер, сөз зергері, енді құлшын,
Жем беріп баулып, сүйеу келді шағың!..
Жырламақ тап тілегін, жалшы жырын,
Жаңғыртып алтынданған таң шапағын.
Жан-жағын жырға толы жарық қылмақ,
Ұшқыннан сәуле болып жағып шамын.
Құттықтап жас жүректі оятады,
Сездіртіп тәтті үнімен жаздың таңын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кенжебекке

  • 0
  • 0

Кенжежан десе Кенжежан,
Тең емес оған өзге жан,
Чапаевтай кеудесі
Керілсе жанды қозғаған,

Толық

Көктем

  • 0
  • 0

Көзін қадап көкте күн
Қараса, қарды ерітіп,
Туыпты айы көктемнің,
Жан иесін сергітіп.

Толық

Солға марш

  • 0
  • 0

Маршқа лап бет бұрыңдар!
Жол жоқ былшыл сөзге қазір,
Араторлар, тек тұрыңдар
Сөз сіздікі Жолдас Маузер.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар