Өлең, жыр, ақындар

Көктем

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 287
Көзін қадап көкте күн
Қараса, қарды ерітіп,
Туыпты айы көктемнің,
Жан иесін сергітіп.
Қыста қатқан көлдердің
Мұз көйлегі жыртылып,
Сең жүзгенін мен көрдім,
Толқынды теуіп бұлқынып.
Тарғыл тартып тау басы,
Қарды қағып, буланып,
Ашылғандай арнасы,
Сай-саладан су ағып,—
Қар астында сарсылып,
Күн сағынған қара жер.
Денесі буға малшынып,
Тесін керген дала, өр...
Қарсыз қырды аңсаған
Өріске шығып мал - дағы,
Жүзі жарқын барша адам
Жадыраңқы жан-жағы.
Нұр ойнап мөлдір көзінде
Мектептегі баланың,
Бітеді деп аз күнде
Қуанады сабағын.
Жанданған дала, ой мен қыр
Көңілді колхоз ауылым,
Жорытқан таңнан трактор,
Тілімдеп жердің сауырын.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Себеле, себеле!

  • 0
  • 0

Күзгі аспан, бұлт кезі жасаурап,
Қайтеді, сәл тамшы себе ме?
Сепсең сеп, ал жаңбыр, жау саулап,
Күзгі нұр себеле, себеле!

Толық

Жанымда менің жаз үні

  • 0
  • 0

Менің кейбір құрбыларым назданып:
– Тәке, неге лириканы аз жазып
Жүрсіңіз? – деп, мін тағады, – жүрекке
Күз жеткен бе, сізден көктем, жаз қалып?..

Толық

Қызыл қырман

  • 0
  • 0

ЬІзы-қиқы, айқай-ұйқай
Қызыл қырман басында.
Тасты жегіп,
Паяны үгіп,

Толық

Қарап көріңіз