Өлең, жыр, ақындар

Қыс

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 554
Қылышын сүйреп қыс жетті,
Жер жүзін аппақ қар басып.
Қалшылдаған қыс «епті,
Суыққа суық жалғасып.
Аяз қарып жалақтап,
Қысқы суық қысылтты.
Кисе де .киім қабаттап,
Денені шағып үсітті.
Елемейді суық өткенін,
Шыңылдатып құлақтан.
Балалардың беттерін
Суық сүйіп қызартқан.
Талпынып балалар талапта,
Боқшасын іліп мойнына,
Бара жатыр сабаққа
Мойнын бұрмай ойынға.
Теміртай-ау, Теміртай!
Мектепке бар, қайдасың?
Білімнің тасын кемір, Тай,
Әкең малын жайғасын.
Қарашы, түрін боранның,
Бораған бұрқ-бұрқ борасын.
Қойшығұл, бірер қараңның
Жылы қылып, жайла қорасын
Қыс қысылтпай малыңды,
Жақсы күтсең еп қылып,
Жазды күн қатын-балаңды
Сауының асырар тоқ қылып,
Көк өгізің семірсін,
Қыстай тыныш от оттан.
Жаз шыға соқа жегерсің,
Сар далада соп-соптап.
Соп-соптаған дауысын,
Ұйқысын жердің оятар.
Еңбегіңмен таныссын
Балпаң байлар ойы тар.

1928



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңілім

  • 0
  • 0

Жаңа жаным жадырап жайраңдады,
Жада күн шашты әлемге алтын нұрын.
Жаңа шабыт шарқ ұрып, тіл сайрады,
Жеткендей жер түбіне асқақ үнім.

Толық

Кім тоқтатар

  • 0
  • 0

Кім тоқтатар күннің нұрлы,
— Шұғыласын құйылған?
Кім тоқтатар ғасырда ұлы
Өмір күшін туылған.

Толық

Қылмысты

  • 0
  • 0

«Айтшы, атаман, шыныңды,
Қалай өстің еліңде?
Суымады бұрынғы
Жастық оты өңіңде?

Толық

Қарап көріңіз