Өлең, жыр, ақындар

Қойшы

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 365
(Кеше, бүгін)

Кеше:
Кигені бұтта шалбар қатқан жарғақ,
Қаудырлап төрт елі кір батқан жарғақ.
Денесін су тигенде жирендіріп,
Ауырлап көгіс тартқан, батпан жарғақ.
Қатыңқы қара қайыс денелерін,
Суықта мұздай қарып шаққан жарғақ.
Сарсылып ұзақ күнге қойын бағып,
Талықсып, шаршап, талып естен танып,
Құнысып, құлазыған қу далаға
Сыбырлап сырын айтып, мұңын шағып,
Бұйығып бүрсең қағып қалтырайды,
Денесін қызыл-шұнақ суық қарып.
Келеді азып-тозып күн батқанда,
Ұзақ күн көп талығады қой баққанға;
Көже ішіп, жабу төсеп ұйықтап жатыр,
Қасынып, көзін қадап от жаққанға...
Кетеді шошып тұрып қой өргізіп,
Саз беріп құлан-иек таң атқанда...
Қатпар көн аяқтары тілім-тілім,
Жарақат бүрген кірген жері ірің,
Ақ таяқ, қолда қалақ, ерні жалақ,
Аштықтан қойды еміп жатқан түрін
Көргенде, адам түгіл аямас па
Хайуан да, күйінішті жүрек мұңын...
Бүгін:
Еліме Октябрьдің таңы атқалы,
Жарқырап жалшы тапқа шам жаққалы,
Бай қандай, жалшы қандай кеше жүрген
Атқан таң теңдік заңын таратқалы.
Төбесі тиді көкке кедейлердің
Жалшы үшін жаңа дүние жайнатқалы.
Кеше жүрген көп малай көзін ашқан,
Көзін ашқан, қаз-қатар алға басқан.
Байдың қыстау, тепсеңін алып шауып,
Егін де көп, колхозға ұйымдасқан.
Батырақтар биікке көз тастаған,
Еңбегінің жемісі судай тасқан.
Түскен жоқ мұндай теңдік бізге көктен,
Зар еңіреп тілесек те бар тілекпен,
Бай табы жалшыны аяп жібіген жоқ,
Қайғының «байғұс қой» деп зарын шеккен.
Күресте тас-талқан қып жеңіп алдық,
Болаттай ұйымдасқан күш білекпен.

1928



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төрт қыран

  • 0
  • 0

Бұлан-талан бұлт тулап
Тұрса көктен бір дауыл,
Су қыраны қиқулап
Қақса аспанда бір дабыл, —

Толық

Қызғанам

  • 0
  • 0

Алатау, балың аз ба жұтқызбаған,
Сұлусың жастығымды ұтқызбаған!
Сайран сап, сенде шіркін, қыз-бозбалаң,
Жүреді-ау, мен жоқта да деп қызғанам.

Толық

Қодар күліп тұр

  • 0
  • 0

Таң азаннан талпынып,
Еркелеп, ойнап дыңылдап.
Көк майсада бір адам
Пішен шауып зырылдап.

Толық

Қарап көріңіз