Өлең, жыр, ақындар

Бұлбұл құс

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 461
Қаршадай-ақ жас
Құрыштың қолымда
Кітап ашық, қағаз-қалам оңында.
Жоқ ед тіпті қараша үйдің базары,
Қодарқұлдың Құрыштайы жоғында;
Құрыш туды, оннан асты ой кірді,
Кітап оқып, хат таныған оңында.
Кітап түспейді, балдырғанның қолынан,
Қодар өзі қара жұмыс соңында,
— Қорыс қылып, жердің жонын жосылтып,
Түркістанның — Сібір темір жолында.
..Қолда кітап Құрыш отыр бақшада,
Төсін сүйеді, көк жасыл гүл жатса да.
Бұлбұл сайрап, гүлдер жайнап, қызғалдақ
Басын жарып, зеңгір шешек атса да;
Жанын жайқып көкейіне күй құйып,
Сынаптай су сылдыр-сылдыр ақса да,
Құрыштайдың көк жібек шөп қытықтап,
Алаңдамайды... мойнын сүйіп жатса да...
Сары алтынды кеш сырына мас болып,
Оқып отыр күн жиекке батса да...
Сенде білім, сенде құрыш еңбек күш.
Маужыраған нұрын құйып алтын кеш.
Бақшадағы сені сәулем құттықтап,
Әнін нәзік сорғалатты бұлбұл құс.
Кең ашылды саған білім есігі,
Секілдісің сен бұлбұл құс, жас құрыш...
Миллиондаған мұндай жалшы ұлдары,
Алды атқан таңнан ғана кең тыныс.
Мәдениет шолпаны боп шыңда ойнап,
Теңдік құсы, еңбекші ұлан көкке ұш!

1929



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есімде

  • 0
  • 0

Есімде менің еткен уақ.
Құлазып дала аңырап,
Қызарып күн батқан шақ
Қызыл шапақ жамырап.

Толық

Тек таңғала қарайды

  • 0
  • 0

Жапырақ жұлып жаутаңдап,
Тәкаппарсып түйелер,
Жүр жатуға жай таңдап,
Емес құмға үйелер.

Толық

Таң шапағы

  • 0
  • 0

Мінекей таң сарғайды сіберленіп,
Таң қанаты жайылды жұлдыз сеніп...
Жасыл атлас секілді жібек жиек,
Көк белдеуі сары алтын нұрын төгіп.

Толық

Қарап көріңіз