Өлең, жыр, ақындар

Қордай тауы туралы аңыз

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 645
Қарт Қордай қабақ қатқан, қырау жапқан,
Құздың мұз, құж-құж бұжыр құлап жатқан.
Қысты күн қар қақырып, мұз түшкіріп,
Ақ боран, үш ай тоқсан соққанда ақпан.
Тіл тартпай, тірі жәндік мұз боп қатып
Аса алмай асуыңнан сұлап жатқан...
Бұрқанған жаз болса да боран-шашын,
Дегірес дәупірім бел биік басың
Құз шатқал шоқтарылған
Дегірестің — Қайрақы көкше шарық шың жартасын
— Жарқырап жарып шыққан, қызыл қайнар,
Өрт түстес, қанды бұлақ қос құлашың.
Секіріп, ыршып зулап таудан ақса,
Еліктей орғып ойнап тастан атса,
Бұйра алтын, өрттей заулап салқын толқын
Сәлеммен алма ағаштың қойнын ашса,
Құйылып қызыл бұлақ бетін жауып,
Жазғы егін, раушан гүлі жайнап бақша.
Қос қайнар егіз қозың құздан ағып,
Бір жақтан Ешкілі өзен ойнақ салып,
Сұп-сұрғылт сүйір шың тас—ешкі өзеннің
Көк қайрақ тас кемері түр су.бағып,
Шарықтап шың басына жұмыртқалап,
Шаңқылдап бүркіт ұшқан бұлтты жарып.
Бүк түскен күрт күдістеу белің берік.
«Кіндік тас» босағаң шың өскен сүйрік,
ЬІсқырып садақ тартқан capы желіңмен,
Ұйықтамай арқар, құлжаң таңнан өріп;
Ақ қарда, сүйрік кулак, алтын тұяқ
— Қара көз, тұқыл мүйіз, сұлу елік.
Қордиған тентек
Қордай жақпар жарша,
Алатау сенің анаң — арқасы арша,
Тарлан тас Тарбағатай тауын құшып,
Көлбеген көкте өркеші шөккен нарша;
Қасқиып қарт Қытайға құлаш қағып,
Шыңы тұр сауыт киген батырларша...
Қордайды бұрын қалмақ мекен еткен,
Батыр, балуан алуан өмір шеккен,
Шыңына найза қайрап, сайыс салып,
Айқасып айдалада сауыт сөткен.
Ол күнгі қанды найза батырлардың
Шал айтады әңгімесін өткен-кеткен...
Ол күнде өңшең батыр қораң қалмақ,
Мекен қып Қордай тауын жүрген шарлап,
Мазасын күнде шауып кетірген соң,
Қазақтан біраз батыр шыққан сандақ,
Бәйтімбет пен Бейімбет күші жетпей
Қалмақтан майданда өлген кепке шаулап
Дулаттан сонсоң шыққан батыр Қордай,
Көкжалдың басқан ізі қанды ордай,
Арқырап, бұйра жалды арыстандай,
Қырыпты жауларының бірін қоймай,
Мамы қыз дейтін сұлу қызды жауда
Дейді ел, алып қайтқан Қордай болмай.
Ойнақтап жас еліктей бұраң қағып,
Көз тартқан алма беті күйіп-жанып,
Сұлуды өлтіруге Қордай қимай,
Садағын тартып тұрып кеткен талып.
Батырдың тас жүрегін сиқыр сұлу
Еліне балқытқан соң келген алып.
Ақырда батырды улап, сұлу перің
Өлтірген, өзі де өлген шертіп шерін...
Көмілген бір молада құшақтасып,
Қанды улы көз жасынан киіп кебін.
Құшақтап сол тау-шыңды өліп кеткен.
Көк найза, қанды сауыт Қордай ерің.
Тексерсе я шежіре, я тарихты,
Қан төккен ол күндегі қата мықты.
Қырылысқан намыс үшін батыр мен би,
Біразы осылайша шатылыпты.
Сондықтан асу бермес Қордай тауы,
Атымен Қордай батыр аталыпты:

1929



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қақса бұлбұл таңдайын

  • 0
  • 0

Дала шешіп ақ тонын
Тау бүйірі бу атып,
Бұлақ толқын атқанын
Көрсең шыңнан құлатып, –

Толық

Ермекке

  • 0
  • 0

Ақау керім дегенге Ақау керім
Күндемеңдер дауысым баяу болса,
Достар өлең сұраса мен не дерім,
Бізге қалған бір өлең жаяу Мұса.

Толық

Ақ мақта

  • 0
  • 0

Ақ мамық даламда өскен мақтам қандай,
Аймағым ақ күміске қақталғандай,
Мамықтай мақта терген Мақпал жеңгей
Гүл атқан еңбегіне мақтанғандай.

Толық

Қарап көріңіз