Өлең, жыр, ақындар

Мәдениет ошағы

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 340
(Қазақ, мемлекеттік университетінің бір жылдығына арнап)

Университет мәдениет ошағы,
Нұрлы ғылым алтын бұлақ құшағы.
Санасына құйып сәуле жас ұрпақ,
Қырқылуда надандықтың тұсауы!
Жалшы ұландар, елдің өрен ұрпағы
Өнерге өрлеп, ескілікті құртады.
Надандықтың тор пердесін талқан қып,
Қақ қанатты, шыңға еңбектің сұңқары.
Жалшылар ең табаныңа тас батқан,
Кеше зарлап, көзден қанды жас аққан.
Талпын, бақыт таң сәулеңде шарықта,
Өнерлен тез, жарақтан жас жасақтан.
Өнерлену бүгінгі өрен ұраны.
Өнерлен де бол кезі ашық қырағы,
Университет, жайна мәңгі, ғылымның
Ұшан теңіз, телегей толқын бұлағы.

1929



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаз

  • 0
  • 0

Сөнеді көктем сөнеді.
Келеді жайнап ыстық жаз,
Шыбын-шіркей ереді,
Шымшып шыққан гүлге мәз.

Толық

Күлкі емес

  • 0
  • 0

Оншақты өлең бастырып,
Жаңа көріне бергенде, —
Мақтанып кетсе асқынып,—
Күлкі емес пе білгенге?..

Толық

Ленин құрылыста

  • 0
  • 0

Жиһаннан да ұлы болып
Туған қандай ұлы күш?!
Миллионнан
Туған Ленин Владимир Ильич!

Толық

Қарап көріңіз