Өлең, жыр, ақындар

Коммунизм таңында

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 347
(Үзінді)

Қақ, барабан, қақ, барабан, дабыл қақ!
Соқ, сигнал, саңқылдата күйің тарт!
Күшті майдан
Істе майдан.
Коммунизм
Күйін таңнан
Ойна, жырла, шырқа, еңбекші,— құрыш тап!
— Бұл немене, не сұрапыл, не боран?!
Бұл толқыған таңғы майдан, байға ойран!
Таңның күшпен
Желі ескен,
Ескі жұрттан
Елі көшкен
— Жер жаңғыртқан, ұшқыр-ұшқыр ұшты ұран!
Қызыл жалын жел еседі ысқырып,
Жел еседі, ел көшеді қос құрып.
Желі есіп,
Елі көшіп,
Кісен кесіп,
Шынжыр шешіп,
Жақа жұртқа ел қондырған көштіріп.
Күш бастаған, ту ұстаған қаптаған,
Тап ұланы отау тігіп шаттанған,
План құрып,
Отау тігіп,
Социалистік
Шаруашылық
Алтын табалдырығынан аттаған!
— Құлақ жарған гүрс-гүрс қай күш, қайдағы?!
Жаңа жұртта ол ұлы одақ майданы.
Қызыл одақ,
Біздің одақ,
Пландарын
Сызып одақ,
Отау тіккен міне
Отан аймағы,
Солтүстікте — мұзды мұхит шекараң,
Оңтүстікте шетсіз-шексіз кең далаң.
Толқын жұтып,
Жатқан тұтып.
Шығыс шегің
Ұлы мұқит,
Батысында
Каспий, Кавказ, Ереван.
Тауың заңғар, қарлы Кавказ босағаң,
Шың-құз шаттар нар өркешке ұсаған.
Эльбрусың Биік түссең,
Көкке тіреу — Жар тасты шың,
Бауырынан нефті еңбекке босаған.
Кавказ, Баку, нөсер нефтің тұтасқан
Кәрі Каспий қара теңіздерге асқан.
Тауды талқан
Етіп жатқан,
Мың-мың тонна
Мұнай атқан.
Еңбек күшің аспанменен таласқан!!!
Жер ассын ба шіркін Кавказ, Қырымнан.
Ой-қырына көгінен нұр құйылған.
Тартқан көзің — Мөлдір жүзім,
Жүз құлпыртып Жібек жүзін.
Жайнатады жібек құрттан жиылған.
Мұхитында пароходтар жүр жүзіп,
Шетпен сауда саттықтарың мол қызып.
Кеме суда Нарша боздар,
Еңбек қоздап,
Күйін қозғар!
Қаматымен таудай толқындар сызып!
Мұхиттарда пароходтар арқырап!
Жер жаңғырта шар тарапқа шарқ ұрады.
Толқындарда,
Жас капитан,
Қу, жет алға
— Бас, капитан!
Жолың жарық, түр көрініп жарқырап!
СССР-дің даласында қаптаған,
Колхоз, совхоз, шаруа алға аттаған.
Жер теңселтер
Тракторлар,
Үстінде оның
Шофер-ерлер
Бай-кулакты, трактормен таптаған.
Ленинград — ұлы өндіріс ордасы,
Құжынаған өндірістің турбасы.
Күшті астана
Тұтастыра, Электрофикация
Күшін долы тез өсірші, таңбашы!
Ел бастаған большевиктер қыраным,
Ордасында Ленин туған ұяның.
Көрсем тасып,
Әнге басып,
Өндірістің
Сырын ашып
Күйге қосам коминтерн ұранын.
Шығыста әне қызыл қырағылар тұр,
Қарауылда сақ бол!
Берік, айтпа сыр!
Болат берен,
Армия ерен,
Еңбекші әлем,
Саған деген
Азық-түлік дайындауда дала, қыр!
— Ей, Аймағым! Дайында азық, дайында!
Серпіле түс, ел, еңбекте аянба!
— Дайын, дайын Құрыш табым,
Сұмдық қылған Кулактарды
Құрытамыз біз төңкерісшіл дауылда!
Социалдық жарыста көп табыс та,
Бірақ мастанбалық, тасып табысқа,
Өскен сайын,
Еңбек дайын,
Өсіруге Шаруа жайын.
Қарыштаған шабыстағы марышта!
Буырқанған теңіздерде порттарың,
Балтық теңізінде пароходтары
Электрлік
Күшін құрып,
Көрдің бе ердің
Шахтада ұрып
Бес жылдықтың балғасын сом соққанын!
Өндірістің жеңіл, ауыр көп түрін
Өсіреміз, техника екпінін,
Еңбек туын
Ұстап бүгін,
Техника біліп тілін,
Таңдантамыз байлар мемлекеттерін
Оған біздің күнбе-күнгі күш куә,
Өндірісте өрлеп ескен іс куә,
Бесжылдықтан Құрған план,
Алда тұрған
Қазіргі ұран,
Бес жылды төрт жылда, орындап күш құра
Олай болса Орындалған,
Болсын, істе еңбекші аймақ ұланы.
Украина тауды-тасты бұздырып,
Түсті металл қопарған қыздырып,
Болат зергер,
Екпінді ерлер,
Істеп жатыр,
Комбайндар
Жаңа шойын мың-мың. тонна құйдырып.
Дүниені дүрілдеткен Днепр,
Оның күші қуатынан электр
Мың бинтті күш,
Шойын құрыш,
Темір жолдар
— Айқыш-ұйқыш
Тасқындасын өндірісін, СССР.
Сыр сыбырлап, алмас сымдар сырылдап,
Бұрау-бұрау болат құрсау шыңылдап.
Құрылыстың
Ұлы істің,
Ісін істеп,
Жатқан күштің
Маймаң қаққан машинасы зырылдап.
Днепрдің долы күші асқындай,
Толқындары бүгін тулап, тасқындай.
Толқын барын,
Тасты жарып,
Күміс көбік
Бетін жауып,
Күркіреуі дұшпанға айбат шашқандай!
Ұлы өндіріс капиталдың көрі үшін,
Балға соққан таптың қанды кегі үшін,
Ердің ісі,
Еңбек күші,
Шет дұшпанға
Жауабы осы,
Мен жырлаймын мұны енбекші ер үшін.
Анау Донбасс, шахталары көрінген,
Көркімен ер таудың тасын кемірген.
Арпалысып,
Араласып.
Жер астында
Зыр-зыр тасып,
Вагоншиктер үйгендей тау көмірден.
Социалдық өскен еңбек сарайын,
Шет дұшпанның таң қалдырды талайын.
Тау қопарып,
Тасты жарып,
Жерді қазып,
Көмірді алып,
Өршелентті ер біздің
Отан қадамын.
— Таңында ер, еркіндетіп ұлы ісін,
Көрдің бе әне, сом балғасын ұрысын.
Құж-құж тастың
Қашап астын,
Тас талқандап
Күшпен асқын,
Қап-қараңғы шахта ішінде жүрісін.
Дауылдатып долы енбектің ордасын,
Дүниеге таныстырып Донбасын.
Міне күшті ер,
Шын жұмыскер,
Тұр маңдайдан
Ағызып тер,
Қолына ұстап алмас құрыш балғасын.
Бір қолында нық ұстаған фонары,
Жер-жиһанға нұр бергендей жанары.
Еңбекке алып,
Нұсқасы анық,
Еңбек шамы
Шашқан жарық.
Капиталға құрыш балға жауабы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын аймақ

  • 0
  • 0

Гүрілдеп құздан құлап тау бұлағы,
Шола алмай бұлттан шығып ай қияны,
Шаңқылдап атар таңның жаршысындай,
Шағы еді қанат қаққан тау қыраны.

Толық

Тілерім

  • 0
  • 0

Томсарып тұйық түн өтті,
Таң алды жырды гүл басын
Тамсанып тұрып күн өтті
Тірліктің сұлу тұлғасын!

Толық

Өсейік гүлдей қосылып

  • 0
  • 0

Хош келіпсіз, меймандар,
Аңсап алыс Дунайдан,
Астығым бар, алмам бар
Көр дәулетті молайған.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар