Өлең, жыр, ақындар

Колхоз даласында

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 130
Асқар-асқар, таулы тастар
Зеңгір құзды шалқар көл,
Раушан гүлді,
Самал желді
Далада ескен
Колхоз ел.
Алтын масақ, меруерт шашады
Жайқалды егін қарашы!
Алтынданған,
Толқынданған
Елімнің шат
Даласы.
Таңғы өзендей гүрілдеген
Моторымен комбайн,
Өзі шауып,
Дәнді алып,
Көрдің бе
Тез жайнауын.
Лябиев ер — Комбайнер
Көк моторды Билеткен,
Елдің ұлы,
Күшті қолы,
Ырыс тапқан еңбекпен.
Комбайншы
Жас Лябиев,
Кідірмей оp,
Күшің мол.
— Оp егінді,
Бол егінді,
Сен жігерлі Комсомол!
Алтын самал күнге талас
Комбайн да көсілді.
Шалқар шалғын
Бидайды орып
Алдынан жел Есілді!
Күнге жарқ-жұрқ шағылысқан
Машинаның орағы.
Бидай жиған
Айналдырған
Зырлады
Тіл-қалағы.

1932



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жданов туралы жыр

  • 0
  • 0

Күннің көзі қызарып,
Тамшы жасын іркіп бұлт,
Сұрғылт тартып сазарып,
Тына қалды неге жұрт?

Толық

Ақманай

  • 0
  • 0

Ай астында айнадай
Айдын көлің Ақманай,
Толқыныңа ай қарай, —
Аймалап таң атты арай.

Толық

Мотор жыры

  • 0
  • 0

Электрлі күшті станок
Найзағайдан от алғам
Тіл үйрендім,
Күй үйрендім,

Толық

Қарап көріңіз