Өлең, жыр, ақындар

Ажалды жеңген ту

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 361
Тебірентіп жиһанды
Сүйепті Ленин сыйлы адам,
Қол ұсынса жеткісіз
Мәңгі өмір бізге сыйлаған.
Құдіреті жетпес ешкімнің,—
Ол сыйды өмір шыңдаған,
Ол адам — өшпес нұрмен тең,
Ажалдың жеңген — тумен тең!
Шарықтаған шыңынан
Ол адам ұрпақ күшінде;
Өркені өшпес, ұйқыда
Мавзолейдің ішінде.
Мраморлы сарайдың
Ішінде нұрлы пішінде,
Дарымай жаудың бомбасы,—
Тұр Кремль ордасы.
Бетіне алып кеп - кеше,
Москваның даласын,
Көріп едік,— түнеріп
Қаптаған жаудың қарасын.
Сырт беріп қашты сасқан сұм,
Қаздық біз қардан моласын,
Жау аңша ұлып жығылды,
Москвадан түңілді!
Намыстық оты лапылдап,
Халықта жігер қайнаған,
Көмейіне мылтықтың
Ел оқ салып арнадан
Қуып жатыр фашисті
Жеңеді жауды қаулаған.
Талай селен, қалалар
Тазарып жаудан, дем алар.

1942



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таудағы ақ шатырлар

  • 0
  • 0

Тау бауыры гүлденген,
Кезі июнь айының,
Жапырақтарға бөленген
Қарағай, арша, қайыңын.

Толық

Таймаймыз

  • 0
  • 0

Еңбекші ескіден
Езілген ұланбыз.
Ерік алған осы күн
Жауынгер қыранбыз!..

Толық

Теңіз толқындары

  • 0
  • 0

Толқындары теңіздің
Толқыны емес өзеннің,
Кетеді үзіп ол тізгін
Алдында нақ көзіңнің.

Толық

Қарап көріңіз