Өлең, жыр, ақындар

Ленин қаласы

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 456
Толқыны соғып Неваның
Мраморлы жарына,
Түйілген бұл қаланың
Аспаны бұлт жамыла.
Желкілдеп талай майданда
Жеңіс туы желбіреп,
Ленин ұран салғанда
— Бастаған елді ержүрек
Ұлы Ленин қаласы,
Бақыттың болды бесігі,
Білімнің, кенттің ордасы,
Ашылған өмір есігі.
Сол қаланың есігін
Ашам деп жау аттады,
Фашистің бұзып тұмсығын,
Қатты жап болат қақпаны!
Бақ есігін ашылған,
Жау жабуға жармасты,
Күн нұрынан жасалған,
Кім сындырар алмасты?!
Деген сөз бар: «арыстан
Айға ұмтылып мерт болған!»
Сондай-ақ — жау жабысқан
Өзін-өзі өртке ұрған!..,
Әрбір тасы меруерт
Қаланған бұл қаланың,
Қастасқан жауға демі өрт,
Бастырмас дұшпан қадамын!
Май айында аспаны
Аппақ сүтке шомылып
Тұрғандай, жарық шашқаны,
Түн күндіз көміліп.
Бұл қаланың жалыннан
Жарық шашқан бейнесі,
Әлемге нұр боп жағылған
Адмиралтей инесі.
Салтанатты, сәулетті
Есімде Қысқы сарайы,
Бағы үшін қанша қан төкті,
Ерлердің бұрын талайы...
Сонда - дағы, қайтпастан,
Тарихтың бұлаң жолымен,
Халық тізгін тартпастан
Алған бағын қолымен.
Қалада құрыш сап құрып
— Жүмысшы, моряк қаз-қатар
Қозғалды, жауды сап қылып
Күн туды ерлер қиратар!
Ұлы Ленин ту тіккен
Смольныйдың алаңы,—
Бөленіп туға нұр төккен
Невадай толқынданады!..

1942



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенің туған отаның

  • 0
  • 0

Жайна гүлдей жадырап,
Жас жеткіншек ұланым.
Қызыл ту нарттай албырап,
Келді Октябрь мейрамың.

Толық

Жер астындағы майдан

  • 0
  • 0

Қара түнде шахты шамын,
Шахтыға енер нақты шамын
Қолына ұстап, қайланы ұштап,
Шахтерлер кеп жақты шамын

Толық

Жұлдыз

  • 0
  • 0

Түн қараңғы қоңыр бұлт,
Бір кезде түсі бұзылған.
Кеудеде өрт, жабық кілт...
Қайғыдан сызық сызылған.

Толық

Қарап көріңіз