Өлең, жыр, ақындар

Миллион толқын

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 463
(екінші варианты)

Мың-мың қолдар, миллион милар,
Милар миллион қимылда,
Миллион толқын,
Толқын миллион
Толқындата
Қимылда!
Миллион ерім, майдан төрін
Солқылдата қимылда:
Біздің нұрлы
Қызыл туды
Толқындата
Қимылда!
Елде майдан, жерде майдан,
Алтын алқап өрісім,
Қырдан орған,—
Қырман толған —
Інжу-маржан
Егісім.
Ұлы Отанға тиген жауды,
Тиген жауды құртамыз;
Танкі мініп,
Таңнан өріп,
Тау жебелей
Жортамыз!
Күміс қанат самолетті,
Самолетті ұшырып!
Тартынбаймыз,
Жарқылдаймыз!
Жауға оқтан
Жәй түсіріп.
Жауды атамыз, қиратамыз,
Снайперше сығалап,
Дұшпанға ажал,
Көрді қазар —
Біздің күшті
Снаряд!
Қоздап аққан, жауды атқан
Біздің құрыш қорғасын!
Аттан халық,
Талқандалық! —
Фашизмнің
Ордасын!

1942



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тұңғыш борозда

  • 0
  • 0

Солтүстіктен суылдап,
Жылы жаққа құс қайтып,
Боз торғайлар шырылдап
Көктем жырын, ұшты, айтып.

Толық

Катуллаға еліктеу

  • 0
  • 0

Дариға-ай! Сүйсем соның отты көзін,
Мың рет сүйгім келіп ойнар сезім.
Күйдірсем көз отына ерінімді мен
Татыр ед бір сүйгенім жүз жылға тең.

Толық

Теңізге

  • 0
  • 0

Қош бол, дарқан тілсіз күш,
Ақырғы рет алдымнан
Жарқырап, орғып көк толқын
Тәкаббар сұлу бұлқынған.

Толық

Қарап көріңіз