Өлең, жыр, ақындар

Теңізге

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 539
(Пушкиннің «Теңізге» деген өлеңінен)

Қош бол, дарқан тілсіз күш,
Ақырғы рет алдымнан
Жарқырап, орғып көк толқын
Тәкаббар сұлу бұлқынған.
Баталмас достай жабырқап,
Қоштасқандай келші деп.
Қайғылы шуың ұран шу
Естігем соны соңғы рет.
Аңсау шегі жанымның
Серпіп жиі жарыңа,
Қаңғығам тыныш тұманның
Ішінде қажып ойыма.
Сенің, артық мен сүйгем
Керең су, терең үніңді,
Сәтін де тыныш кешіңнің,
Бұрқанған кейде түріңді.
Балықшылар желкемі,
Аяңда сенің сақталған,
Айдында сырғып аянбай,
Алайда, сен жалаңдай
Кемені жұттың топтанған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңа әріп

  • 0
  • 0

Жаңа әріп,
Жаңаланып,
Шықты жаңа өмірде
Түр бергендей,

Толық

Алтын аймақ

  • 0
  • 0

Гүрілдеп құздан құлап тау бұлағы,
Шола алмай бұлттан шығып ай қияны,
Шаңқылдап атар таңның жаршысындай,
Шағы еді қанат қаққан тау қыраны.

Толық

Досқа

  • 0
  • 0

Достым, жастай өлеміз деп налыма,
Сатып алған жоқпыз ғой біз ғұмырды.
Өзімізше жасап, өзіміз тағы да
Өткізерміз өлшеулі өмір сүруді.

Толық

Қарап көріңіз