Өлең, жыр, ақындар

Аңның қанды ізімен

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 306
Донның арғы бетінде,
Жау оғының өтінде,
Воронеждің шетінде,
Лиский атты село тұр;
Жұпыны мүлкін арқалап,
Бораннан бетін қалқалап,
Сүйретіп қол шанасын,
Көтеріп жас баласын
Жылап жалғыз ана тұр...
Бұл селоға, жатаққа
Қарасаң сұмдық апатқа
Ұшыраған, оққа ұшқан —
Қираған үйлер жер құшқан...
Дал-дұл боп қаусап қана тұр.
Жарақаттап қарулы оқ
Жер жаурыны жауыр боп,
Қан кешкен жазық дала тұр.
Қорыс қып қазған қасқырдың
Ініңдей дұшпан қашқынның
Таяр кезде тұрасы
Қазған қанды жырасы,
Қашқан ізі сара тұр...
Немістің жолын тоса атып,
Селоны жаудан босатып,
Қызыл ерлер дұшпанға
От шашып, алға басқанда,
Таймады оқтан жалғызы,
Қырылып оққа ұшқанда
Жалаңаяқ қашқанда
Ақ қарда қалған қанды ізі.
Ізі емес, айтсаң расын:
Қарасаң Донның даласын,
Басқан сайын көресің
Өлген неміс моласын
Секілді ара андызы.
Босаған жаудан селоға
Зат тиеп қол шанаға,
Құшақтап жас сәбиін,
Жетті іздеп өз үйін
Лиза жеңгей жабырқап.
Селоға кіріп жан-жақты
Көзімен шолып салмақты,
Үйінің орнын шақ тапты
Үйінен тамтық қалмапты,
Өртеніп, күйіп кетіпті,
Тұрды аңырып таңырқап...
Сұрланып түсі бұзылып,
Моншақ жас көзден тізіліп,
Жүрегінен мың қабат
Жаудырды жауға лағнет:
— Қызыл қыран батысқа
Қарышта жауды атыс,
Деген дауысын жер қия
Есітті, Қызыл Армия,
Алға баса ұмтылды
Жау жасағын қан қыла.
Лискийдің сонау селосын
Енді барсаң көресің:
Жаяу-жалпы біртіндеп,
Көлікпен бірде дүркіндеп,
Поезбен де зіркілдеп,
Халық келе бастады
Қонысына өзінің.
Лиза жеңгей тағы үйін
Жөндеп алып жаққа үйін,
Құрғатып жағып отынын,
Түтетіпті түтінін,
Қолында жас баласы,
Талпынса ойнап, анасы
Батысқа тіге қадаған
Жанарын отты көзінің...

1943



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пейзаж

  • 0
  • 0

Өзенде кернейдейін гудок ойнап
Көк терек, қызыл шие өскен бойлап,
Талай жыл еткен еңбек экскаватор –
Пейзаждың бір тұлғасы іске татыр.

Толық

Қаһарлы жылдар

  • 0
  • 0

Сұрапыл қырық бірінші
Қар жамылған жер үсті,
Естен сірә шығар ма, —
Сол қан исі жылымшы?..

Толық

Табыт

  • 0
  • 0

Тоқсандағы Фаруқ шал
Ұйқыдан бір күн оянып.
Қолымен басын сүйеп сәл,
Отырды ұзақ ойланып.

Толық

Қарап көріңіз