Өлең, жыр, ақындар

Жасыл орман, жас терек

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 418
Бесжылдықтың жазында
Еңбек дабыл қаққан шақ,
Жыр ғып ақын жазуға,
Елден құнар тапқан шақ.
Жасыл орман, жас терек
Жапырағын жайған шақ.
Ал қызыл гүл еркелеп,
Албырап нарттай жанған шақ.
Кемеліне ел келіп,
Көкке құлаш ұрған шақ.
Таудай істі меңгеріп,
Ер талпынып тұрған шақ.
Темір жолдар құрсаулап,
Жерге шеңбер салған шақ.
Құйылып көктен нұр саулап,
Қыр құмары қанған шақ.
Суда балық ойнаса,
Жерден егін өнген шақ.
Заводта мыс қайнаса,
Елге дәулет келген шақ.
Мұнаралы мұнайға
Шыңырау бұрғы салған шақ.
Шағылып кеннің нұры айға,
Алтынды аптап алған шақ.
Шар айнадай жарқырап,
Көл толқынға толған шақ.
Ақ тандырлы атырап
Жер жаннаты болған шақ.
Көз тартқан жаз көркіңдей,
Ел нұрлана түсер шақ,
Өрлеп өмір өркендей,
Жыр жырлана түсер шақ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шопан әні

  • 0
  • 0

Мен колхоздың шопаны шарықтаған,
Қасқыр тісін бір қойға дарытпаған,
Жүні жібек, сүті уыз, қозысы егіз,
Қой құйрығын аязға қарытпаған.

Толық

Жаңа әріп

  • 0
  • 0

Жаңа әріп,
Жаңаланып,
Шықты жаңа өмірде
Түр бергендей,

Толық

Күтіп алшы

  • 0
  • 0

Біз майданда от шашуға адамның
Ажалы үшін жасамаймыз темірді,
Біз жасаймыз бақыты үшін әлемнің,
Жайқалтуға бейбітшілік өмірді.

Толық

Қарап көріңіз