Өлең, жыр, ақындар

Қызыл алаң

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 505
Көрікті менің Москвам!
Ғажайып Қызыл алаңы!
Өзіңнен ғана, астанам,
Туған ел тыныс алады.
Сағынып тағы аңсаған
Келдік Қызыл алаңға.
Көрген сайын мен сонан
Тұрамын ләззат алам да.
Өйткені, оның қойнында
Тұр — құйылған қасиет.
Қуаты қайтпас бойында
Өтсе де жылдар неше рет.
Онда, әлі басқан Лениннің
Ізі өшпеген тасынан,
Тасына түскен нұр көрдім,
Кремльдің басынан.
Сондықтан, оның гүл еккен
Көзге ыстық әр тасы да,
Тасын да таза аяқпен
Мақтаныш етем басуға.
Шұғылалы бақыт даңқымен
Мақтанам көзімді ашқанға,
Туысқан орыс халқымен
Аяқты тең басқанға.
Әке, бабам көрмеген
Москваны бұрын кеп,
Көріп мен күнде елменен
Тұрмын еркін күлімдеп!
Жас кезімде бүрсеңдеп...
Қой бағып өссем даламда,
Таңғалсын әлем, көрсін кеп
Мен тұрмын Қызыл алаңда.
Тұманды Лондон, Нью-Йорк,—
Сенде өмір күнсіз, түнмен бір,
Көшеңде сенің жоқ ерік,—
Жүруге басып бір негр.
Мен Нью-Йорк қаласын
Көрмедім, мүмкін, көрмеспін!
Москваның бір тасын —
Мың Лондонға бермеспін.
Көрікті менің Москвам,
Ғажайып Қызыл алаңы!
Өзіңнен ғана астанам,
Туған ел тыныс алады:
Ленинмен бағым ашылды
Өмірім нұрға бөленді.
Мавзолей, мәрмәр тасыңды
Сол үшін сүйгім келеді!

1949, Москва



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талмас тұлпар

  • 0
  • 0

Мұз мұнара Алатаудың
Әппақ күміс басымда;
Алтын бұлт ұйықтап тұрды,
Маужырап жартасында.

Толық

Өлең — сенің құлың емес

  • 0
  • 0

Пысықсынған кей «шыншылға»
Жөн бе, — жырды бұйықтыру?
Қажет дер ем: шын сыншыға —
Өлеңнен де биік тұру!

Толық

Сұлу қала

  • 0
  • 0

Құшып бақыт арманмен
Көрсең тұрған қаланы,
Көз тартады Богдан мен
Ақын Тарас алаңы!

Толық

Қарап көріңіз