Өлең, жыр, ақындар

Жолбарыс терісін жамылған батыр

  • 13.07.2022
  • 0
  • 0
  • 669
III Араб патшасының жолбарыс терісін жамылған батырды көруі

Бір батырды көрді ғажап басында өзен жиегінің,
Атын ұстап, арыстандай тұрған тұлға, реңінің,
Қаруын ер қасына ілген, айшық інжу жүгенінің,
Кө жасы оның, қанды бетін жуған, шерлі жүрегінің.
Жолбарыстың терісінен жамыла үске киген кафтан,
Жолбарыстың терісінен бөркі айқара басын жапқан,
Қолында оның білектейін ерген дойыр қамшы батпан,
Көз айырмай қарады жұрт бұл батырға таңырқатқан.
Сөйлеспек боп бір құл кетті жылап тұрған батырға енді,
Тұнжыраңқы тұрған жанмен сөйлесіп тіл қатуға енді.
Кірпігінен жаңбыр төгіп тұрғандай жас қатулы еді.
Тіл қатуға құлдың бірақ бармады оған батылы енді.
Құл шешіліп сөйлер еді, тұрды шошып тіл қата алмай,
Батырға аң-таң қарай берді жүр.егін шын тоқтата алмай,
«Патша бұйрық етті» деп ол сөз бастады аялдамай,
Батыр бірақ сезбей оны жылай берді сөз қайтармай.
Батыр тіпті есітпеді оған айтқан құлдың сөзін,
Еш нәрсені ол айырмады ұмытқандай өзі-өзін,
Жүрегі оның оттай жанып тұта алмай тым тағат - төзім,
Қанды жасы сорғалады ашқандай - ақ бұлақ көзін.
Батыр ойы басқа жақта ойлап терең ойдың сырын,
Құл қайтадан айтты оған алғашқы айтқан патша әмірін,
Батыр бірақ жылап тұрған өзгертпеді тұлға түрін
Не айтқанын да есітпеді, шығармастан сыбыс үнін.
Батыр жауап бермеген соң, құл ізінше қайтып келді,
Қайтып келіп, жөнін айтып Ростеванға хабар берді.
Сізден батыр тілер емес, тыңдар да емес ештеңені,
Айтқан сөзге құлақ қоймайды, күндей күшті екен,— деді.
Патша оған жаны күйіп, ашуланып аң-таң қалып,
Әмір етті: «он екі құл, қолдарыңа қару алып,
Ол батырға он екіңіз топ жазбастан түгел барып,
Кім болса да,—деді,— шапшаң келіңіздер маған алып?»
Патша әмірін орындауға құлдар тобы бара жатыр,
Азан-қазан айғайласып, қару-жарақ етті шатыр,
Сонда сезіп, есін жиып, еңіреді тағы батыр,
«Қайғылы» деді жалғыз басқа еш сөз айтпады ақыр.
Батыр тұрып қолыменен көзден ыстық сүртіп жасын,
Тез ыңғайлап асынды да найза, садақ — оқ саржасын,
Құлдар сөзін тыңдамақ боп мінді атына күші басым,
Тыңдамады бірақ, шүу деп бұрды шапшаң аттың басын.
Батырға олар ұмтылысты ұстамақ боп қолмен қармап,
Көрмегенді көрді құлдар, көрсең шошып жаның аяп,
Тас табақтай қағыстырып бірін-біріне ұрып – сабап,
Қамшыменен тілді батыр құл қырыла жеді таяқ.
Патша кейіп, құлдарына қуып ұста — деді шапшаң,
Қуғыншылар жеткеніне жан-жағына қарамастан
Батыр кетті, жеткендерін өлімші қып аямастан,
Оны көріп іші күйіп, ызаланды кекті Ростан.
Автандил мен патша қуды аттарына міне салып,
Жасқанбастан жортып бара жатыр жалғыз батыр алып,
Пырақ - сынды тұлпар аты тұяғымен тоңды жарып,
Жерге сәуле түсті, батыр: көрді қуған патшаны анық.
Батыр атқа қамшы басты, патшаны тез көре салып,
Сүйткенше - ақ қас қаққанша көз ұшынан болды ғайып,
Кетті ме, әлде құзға құлап, яки — көкке жұлдызша ағып,
Өзі түгіл, оның басқан ала алмады ізін танып.
Ізі - түзі жоқ жын ба әлде жиналған жан таң қалды
Өлген-жіткен жанды жинап жауынгерлер жаутаңдады,
Жылап-сықтап жабырқаңқы жұрт еш нәрсе айта алмады,
«Қуанышым жоғалды енді» деп патша да салқындады.
Деді патша: «жақпаған ғой, тәңірге қуанышым,
Қайтып алған екен менен қайғы беріп, қуанышын,
Құдіретіне шара бар ма тоқтатуға әмір - ісін
Не қылса да өз еркінде қабылдадық тәңір ісін».
Осыны айтып кейін қайтты тұнжыраңқы қабақ түйіп,
Жанына ешкім шақырмады күрсінуде жаны күйіп,
Аң аулаған мергендер де бет-бетіне тарап жүріп,
Кетті, патша «жөн» айтады деп тәңіріге жалбарынып.
Кірді патша сарайына тұнжыраңқы қайғыланып,
Автандилден басқа ешкім бірге ене алмай қойды қалып,
Жұрт тарқасты, үй іші де отырмады бір жиналып
Қуаныштың шам-шырағы лап сөнгендей болды ғайып.
Тинатин де сезе қойды әкесінің қайғыруын,
Жайлап тұрып барды есікке күлімдетіп күндей нұрын,
Қазынашыға айтты біл деп: «Ұйқылы-ояу,— патша реңін?»
«Қайғыланып отыр,— деді ол,— томсарыңқы ой басқан өңін»
Жанында оның отырған тек басқа жан жоқ
Автандилден, Патша неге тұмсарыңқы, рас бір дәу батыр керген.
Тинатин деді: «кетем кірер мезгіл емес білем,
Мұнда қазір болды дерсің, сұраса егер мені сенен!»
Деді патша бір мезгілде: «істеп жатыр қызым не ісін,
Судан сұлу інжу-маржан күн сәулетті қуанышым?»
Қазынашы жауап қатты: «келген жаңа қуқыл түсін,
Жабырқаңқы сізді керіп кеткен қайта бұзып түсін».
Айтты патша: «онсыз қалай отыра алам, шақыр бері»
Деді оған айт: «әкең бағын өмір алып жатыр кері»
Қайғы қашсын, көңіл ашсын, жазар мені ол ем дәрі
Қуанышым өсті неге айтам бәрін келсін деді.
Әкесінің жанына тез Тинатин қыз тұрып барды,
Ажар - көркі елестете туған толық алтын айды,
Езіле кеп сүйді әкесі еркелетіп ерке жайды,
Деді қызға: «өзің келмей, күттің неге шақырғанды?»
Айтты қызы: «патша тұйық, сіз тұмсарып отырғанда,
Қанша керім болса - дағы сізге енуге баталар ма?
Сіз қайғыға шомылғанда көк те тыныш жата алар ма?
Қайғыны қой, қапаны жой, осы сөзде қата бар ма?
Деді патша: «мені сәулем, отырса да қайғы басып,
Саған жалғыз қарағанда жадыраймын көңіл тасып,
Жабырқаңқы жан жарасын жазатын сен сергіте ашып,
Жадыратар жалғызым тазартатын қайғыны аршып.
Алып туған бір керемет көрдім батыр сырттанын мен,
Сәулетімен орағандай жердің шарын, жақпарын кең,
Әлде неге қапаланып жылады өксіп, ұқпадым мен,
Келіп маған жолықпады, кейіп сонсын тоқтадым мен.
Мені көріп жасын сүртіп, мінген кезде атына кеп,
Нөкеріме бұйрық бердім ұста деп тез талпына кеп,
Ғайып болды, нөкерлерді жапырды да ақыра кеп,
Кетті ме, әлде біле алмадым көріп мені ақыры жек.
Тәтті қызық, албырт шағым бар еді неге қайғырдым мен,
Ол күндерді ұмытып қазір қызықтан айрылдым мен,
Мені еш нәрсе жұбатпайды, мұңайып майрылдым мен,
Енді еш нәрсе қуантпайды, қуаныштан қайрылдым мен.
Деді қызы: «асыл сөзді тауып терең ағытпа да,
Тақсыр тәңірі я тағдырға күйзелесің ағаттан ба?
Баршаға езгі тәңірі ісін қаралауың нақақтан ба?
Неге тілді тигізесіз жанның бәрін жаратқанға.
Патшалардың патшасысыз, сізге айтатын ақылым сол:
Сөз жетпестей, көз жетпейтін тұрған шексіз жеріңіз мол,
Барша елді аралалық батырды іздеп, түссе он, жол
Сонда ғана білесің, бар жан ба, әлде жоқ жан ба,— ол.
Сіз көрген дәу ірі батыр рас болса жүрген шығар,
Толып жатқан елдің бірі оны анық көрген шығар,
Сізді алдаған көз байлағыш сиқыр болса онда не бар?
Олай болса көңілден де, қайғы-зарды ойдан шығар».
Жұртты жинап деді патша: «аспан астын қалдырмаңдар,
Аралаңдар, қайдан - дағы қиындықтан қайғырмаңдар,
Батырды іздеп табыңыздар бел буған соң тайынбаңдар
Аяқ жетпес жерге хатпен жазып, ашық айқындаңдар!»
Қуғыншылар кетті іздеп, жылдап жұртты аралады,
Қайта-қайта сұрастырып қарамай жер қалдырмады.
Аспан асты, жердің үстін; жаралғалы жанның бәрі
Жүрген жердей батырды іздеп таба алмады, қалжырады.
Іздеп кеткен қуғыншылар, патшаға өңшең құлдар келді,
Батырды іздеп таппадық деп бір ауыздан жауап берді,
Тірі жанның бірі білмейді, көрген жоқпыз дейді,—деді:
Тапасаңыз болмас, сірә, басқа бір жол іздеп енді.
Деді патша: «Қызым менің әуелден-ақ білген екен,
Көз байлағыш бір сиқыр зат мені алдауға келген екен,
Көктен түсіп көзге ұшырап маған жау боп жүрген екен.
Қапалықты мен тастайын, ойлап оны енді не етем?»
Соны айтты да көңілденіп, бір тамаша ойын қылды.
Әнші, жыршы, кернейшінің қалдырмастан бәрін жиды.
Сарайына шақырып ап сыйлық тартып сайран құрды,
Жанға ұнаған жанның бәрін жинап алып ойнап-күлді.
Ер Автандил жалғыз отыр ұйықтайтын бөлмеде ерек,
Сазын шертіп ән де салған, үстінде тек жалғыз көйлек,
Тинатиннің негр құлы кірді оған күтіп дерек.
Деді негр: «сізді өзіне ай нұрлы ару келсін» деп еді.
Автандилге жағып кетті осы еді оның күткені де,
Тұрып барып киді әдемі асыл торқа шекпенін де,
Қызғалдақпен жолығу еді жеке тілек еткені де,
Тинатинге сүйген жар боп жеткендей - ақ күткеніне.
Айбаттанып ер Автандил ешкімнен де ұялмастан,
Келе жатыр сұлу жарға, сол үшін ол көзін жастан
Жуған талай, қыз отырды айыңдай - ақ сұлу аспан,
Төңкергенде ай тұтылған қара бұлттай қара шаштан.
Жап-жалаңаш аппақ тәні алтын, қамқа дүрге оранған,
Басқа киген шалмасында інжу-маржан жарқыраған.
Ұзын қара кірпіктері жүрегіне дәл қадалған
Күміс күмбез ақ төсіне ұзын қара шашы оралған.
Тұнжыраңқы қыз отырды баста қызғылт буәласы.3
Автандилге отырыңыз деді аралас ұялысы,
Құл әкеліп қойды отырғыш, отырды ер құрметтісі,
Сұлу жарға бетпе-бет кеп бойында ойнап қуанышы.
Батыр айтты: «бір сөз айтам болса сізге ұнамағы,
Көріскенде жүзі солып, күн алдында ай ұялады,
Сөзге шорқақ бір жан едім ой оралмас қиядағы
Неден жүзін, жабырқанды, сұрамай жан шыдамады?»
Сұлу жанға жарасады, таңдап айтқан әдемі сөз
Деді ару: «бізден алыс тұрсаңыз да, келдіңіз көз,
Жүректегі жұмбағымды келсе егер білгіңіз тез,
Жан жарасын мен айтайын, мендегі сол тұйық мінез:
Есіңде ме Ростанмен аң аулап бір жүргеніңіз,
Жасын сүртіп жылап тұрған бір батырды көргеніңіз,
Сонан бері ой бөлініп, жабырқаңқы мінезіміз
Көктен, жерден соны іздеп кел, болсын жәрдем бергеніңіз.
Бұған дейін кездесе алмай, сөйлесе алмай жүрген едім,
Сенің мені сүйгеніңді алаңдағы білген едім,
Менің үшін көз жасыңды төккеніңді сезген едім,
Сен ғашықтық тұтқынысың, жүрекке атың түйген едім».

Нестан — Дареджанның ғашығына жазған хаты
Ғашығына хат жазды қыз, бірде жылап күйіп-жанып,
Көз жасымен сөндірген ол, жанған отын жалынданып,
Жазған хаты тыңдаушының, жүрек қылып кетер шалып,
Гүлді сұлу тербеткендей, кристалдан шырақ жағып.
«Сәулем, жазған осы хатым — саусағымның сыйы менің,
Жаным сазын қалам жазды, жас денемнен өріп өнім,
Ақ қағазға бірге оралды жүрегіміз менің, сенің,
Шерлі жүрек, шешілмесін, қосылысып түйген түйін.
Сәулем, талай-талай істер дүниеде жаралды да,
Жиһан қанша жарық болсын, сенсіз маған қараңғы да.
Жиһан сырын дана ұғады, жиһан ұғады дананы да,
Сенсіз менің жиһандағы өмірім ауыр — қаяулы да.
Жан сүйгенім, сеніменен құрсын әмір мені айырған,
Жүзіңді енді керу қайда, қуанышты құмарланған,
Жүрегімді қайтып жазам? Садағыңмен жараланған,
Сыр жұмбағын саған аштым, ойындағы қиялданған.
Ант ішейін, тірі екен деп сені тіпті ойламап ем,
Өз өмірім, жас жігерім өшті екен деп ойлаған ем,
Тәңіріге шүкір еттім, сені есітпей сорлаған ем,
Ескі шерді қуанышпен тоғыстыр тоймаған ем.
Сенің өмірің менің үшін, үміт нұры саналанған,
Сенің үшін күйіп-жанып еді жүрек жараланған.
Ойға ал - мені, ойла мені, сен үшін ем жоғалған жан,
Ғашықтықтың ыстық шоғы жалынды отын жая жанған.
Тарихты тауыса алмай, хатпен жазып, сәулем, саған,
Нана қоймас тыңдаған жан, айта да алмас тіл шаршаған:
Фатимаға рахмет құтқарды ол калдундардан,
Енді, міне, тағдыр тағы туғызғандай ой жаңадан.
Қазір, міне, құса болып өрши түсті күйінішім,
Сондықтан да ұнамады, күйінішті тағдырға ісім,
Тағдыр қолдан-қолға допша ойнатты оған жетпес күшім,
Талай бәлеге ұшыратып бақты бізге жұмсап күшін,
Мен қапаста көз жетпестей тас қорғанды мұнарадан,
Жол қатсақ жер астынан, сақшысы бар бағып тұрған,
Күндіз-түні кезек-кезек батырлары бақылаған,
Қарсыласқан жанды өлтіріп, жолағанды өртше ораған.
Ойлама оңай, тәртіптері басқа соғыс секілді емес,
Шер үстіне шерді өршітіп, шерге елтіп мені өлтірмес!
Сені тірі деп білмеймін, мені ертеңді, мені өртемес!
Айрылысқанбыз, тастан берік жүрек беркіт, бірміз демес!
Тал бойымды таңдата деп, бөгде жанға ойлама анық,
Оның үшін, сүйген жарым, жүрме қатты қапаланып,
Сенсіз менің өз өмірім, өмір емес мен бір ғарып,
Сен болмасаң жардан ұшып яки өлем бауыздалып.
Күнің менен ант етемін, өз тағдырың айың сенің,
Күнің менен ант етемін, үш күн ту сын сәулесі оның
Сенен аспас, ойда тұрсам шыңнан биік жақын нұрың.
Жаным үшін жалбарын, ұшын тигіз қанатыңның.
Менің үшін тәңіріге жалбарын жадырайын,
От пен судан, жер ауадан құстай ұшып ағылайын,
Тілегіме ұшып жетіп, бар қайғыдан арылайын,
Күндіз-түні күндей күліп күн нұрына малынайын.
Сен бір күннің бөлшегісің, сенсіз тіпті күн болмайды,
Әрине сен күннен қолды үзбейтін жан айбарлы.
Күн жүзіңді күнге теңеп, күңгірт көңілім жадырайды,
Өмірім менің ащы еді, енді тәтті өлім - қайғы.
Өлім маған ауыр емес, жаным сендік болғандықтан,
Махаббатым жүрегімде мәңгі ұялап қалғандықтан,
Айрылған шақ еске түссе, жара үстіне жара шыққан,
Уа, сүйіктім! Мені ойлап жылама қапалықтан.
Үндістанға жөнел, аттан, сорлы әкеме көрсет көмек,
Жау қоршаған айналасын, ешкім жоқ тұрған демеп,
Мені ойлап қамығуда қам көңілін жұбат жебеп,
Мені есіңе ал, сенің үшін зар жылаған қайғы кернеп.
Көп мұң шақтым тағдырыма жетерліктей енді болар,
Шын әділдік бір жүректен, бір жүрекке көшіп қонар,
Бір сен үшін, өлермін мен, төбемде ойнап қарға шулар,
Өле-өлгенше сені ойлап екі көзім жасқа толар.
Қара таны! Өзің берген бет пердені еттім белгі,
Уа, сүйіктім! Бұл перденің бір шетінен жырттым енді,
Сонау күткен, зор үміттен қалған жора осы еді,
Бізге қарап, қаһарланып жеті қат көк дөңгеледі».
Бітірді ол, ғашығына әдейі арнап жазған хатын,
Бет пердені алды - дағы, бір шетінен жыртты ақырын,
Басы ашық, тарқатып еді бір топ қою ұзын шашын
Қош иіс аңқып, жүре берді серпіп берген түс қанатын.
Құл аттанды Гүланшараға, аз күн жүрді сапар шегіп
Бір минутте Патманға шапшаңдатып келді жетіп,
Автандилдің тілектерін орындап ап, көңілденіп,
Қолын жайды жоғарыға жасағанға шүкір етіп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын көз

  • 0
  • 0

Тепсініп толқындарды толқын қағып,
Теңселіп теңіз беті тұр толғанып,
Мартеннің қазанында балқып ағып
Қайнаған көк құрыштай бұрқыл қағып!

Толық

Қырдағы жолда

  • 0
  • 0

Үй сыртында бұлқынып
Әне пар ат жегілді,—
Арбаға ақын отырып
Кетті. Алда жол керілді...

Толық

Талмас тұлпар

  • 0
  • 0

Мұз мұнара Алатаудың
Әппақ күміс басымда;
Алтын бұлт ұйықтап тұрды,
Маужырап жартасында.

Толық

Қарап көріңіз