Өлең, жыр, ақындар

Мен кіммін?

Мен кіммін?

Таудай болып көрінсе де талабым,
Құстай жүйрік болса-дағы қаламым.
Мен жәй ғана көлеңкесі​ - жарымның,
Балаларға мейірімді анамын.

Жаннат бағы табанымда жатса да,
Мұрынымды шүйірмеймін басқаға.
Мен өмірді өзгешелеу сүйемін,
Жаратқанға бас июмен жасқана.

Байлықпенен
өлшенсе де мына өмір,
Мына өмірді тек сынақ деп білемін!
Байысам да - қарапайым адаммын,
Ал, жоқ болса,
шүкірлікпен жүремін.

Алшаң басып, асып-тасу маған жат,
Керілдеспек,
қатты кетпек,​
кек алмақ...
Мені кейде түсіне алмай жүрсеңіз,
Қарапайым әйелмін мен,
Жаны​ -​ пәк!

04.08.2019



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Абақтыдағы Әлиханның сөзі

  • 0
  • 1

Ей, дүние, жемтігісің арамның,
Тек ұлтымның тағдырына алаңмын.
Осы жолда құмға айналып жігерім,
Қап-қараңғы тар қапасқа қамалдым.

Толық

Қарттарым

  • 0
  • 0

Қарыштаған мына қоғам заманда,
Қазына мен байлық керек адамға.
Қарапайым құндылықты байқамай
Қаржы төгіп ұрынады жаманға.

Толық

Бар қалауым….

  • 0
  • 0

мен қалаймын
Жауынды күні, қолшатырмен келгеніңді,
Тоңып қалма деп, күртеңді бергеніңді,
Бар жағдайымды айтпай- ақ білгеніңді.

Толық

Қарап көріңіз