Өлең, жыр, ақындар

Маймыл

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1208
Өз біліміңше іс істе келсе шамаң,
Тырысып біткенінше қойып табан.
Құр бекер біреу пәлен етіпті деп,
Маймылша еліктеуін, тіпті жаман.
Көрмессің еш рақат, әм берекет,
Зайығ боп михнатың кетеді тек,
Зәррәдай дүниелігіңе пайда болмас,
Түбінде жүрмегейсің айтпадым деп.
Пайдасы аңғарғанға бар да шығар,
Маймыл мен бір мужиктен жазылған кеп,
Таңертең ерте тұрып қара шекпен
Жұмысқа мехнатпенен көңілі кеткен.
Жер жыртып тырмасымен бараниттап,
Балалардың ырзығы үшін егін еккен.
Күні-түні ұйқы көрмей башняда
Болған соң қолы қысқа жалғыз атпен
Тер ағып маңдайынан дамылы жоқ,
Не пайда біреудікі болған көптен.
Осылай қызметіне мойын қойып,
Шықпады қадам басып егіндіктен.
Жарайды соның, үшін молодец деп,
Әркімдер жүрді мақтап өткен-кеткен.
Бір маймыл бұны естіп намыстанды,
Бір жерден бір кесінді тауып алды,
Мендағы мехнаттанып көрейін деп,
Қасына қара шалдың алып барды.
Жұрт кәріп мені дағы мақтасын деп,
Бейшара пайдасыз құр азаптанды.
Аунатып олай-былай домалатып
Түседі қара терге қинап жанды.
Құшақтап көтеріп ап аунатқанда
Көрген жан келемеждеп күліп тұрды, 
Өткен-кеткен мақтау тимей,
Ақырында соры қайнап ашуланды.
Маймылша жөнсіз іске бас бұрмас деп
Мен дағы үміттімін көрген пенде.
Жатырсың мехнаттағыға бекер босқа,
Керекті бүйтпес едің бір жұмысқа,
Түскенімен қара терге пайдасы жоқ,
Маймылым, азаптанбай бұны таста.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтірікші

  • 0
  • 0

Бұл кезде атқа мінген жігіттердің,
Білмеймін шаһар халқын қырдағы елдің,
Жанымен пар өтірік бір қыссасы
Кім біледі қашан барып түзелерін.

Толық

Қасқыр менен қозы

  • 0
  • 0

Ашығып қасқыр байғұс іздеп тамақ,
Қыдырып жер қоймады күн-түн сабап;
Далада бір хайуан кез келмеді,
Ауылға жуытпады иттер қамап.

Толық

Қасқыр менен мысық

  • 0
  • 0

Аңшылар аңға шықты мылтық алып,
Иттерін жүйрік-жүйрік ертіп алып,
Ішінде қалың тоғай ұйықтап жатқан,
Бір қасқыр қаша берді тұра салып.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар