Өлең, жыр, ақындар

Жақында осы

  • 21.12.2022
  • 0
  • 0
  • 436
Жақында осы моргке кірдім,
Сұлқ күйі жатқан өлікті көрдім.
Жанары ашық қалыпты күйі,
Сипалай жаптым өліктің бетін.

Саспайды тіптен қызметкері,
Үйренген тəні көріп үнемі.
Жылы денем суынды демде,
Денесі суып тыныпты демі.

Деді бұл өзі дəулетті кісі,
Бозара семген келбетті жүзі.
Дүние жиған өле-өлгенінше,
Кебінге сыяр ал ендігісі.

Ешкіммен бұрын араласпапты,
Жақын мен жатқа араны ашпапты.
Тиын түгілі бұйымы да жоқ,
Костюмін шешкен жалаңаш қапты.

Жоқ деді деп ем танысы бар ма,
Дегендей қарап тағы сұрар ма.
Ақырғы сөзі кеш Алла депті,
Ақырғы демі таусыларда.

Одан əрі аяңдай бердім,
Тірілер құшақ жаярдай көрдім.
Тірліктің соңы немен бітерін,
Бəріңе келді баяндай келгім.

Кешірші, Алла, кешірші елім,
Бір таңым атпас кешім білемін.
Біреуге менің кесірім тисе,
Қателігімді кешірші менің..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір жауап жазшы

  • 0
  • 0

Сəлеметсіз бе, қалыңыз қалай ақылдым,
Аллаға шүкір ғұмырды кешіп жатырмын.
Жатына мені айналдырса да өзгелер,
Алыс та болса жаныңа сенің жақынмын.

Толық

Шаршадым

  • 0
  • 1

Сараласа,
Пенде, нақты – аңдаса,
«Бәрі жақсы»,
Тек – «жаралы- қалмаса»

Толық

Таң қарайды

  • 0
  • 0

Тіршілігі тынды да таң қарайды,
Мен құшақтап отырмын заңғар айды.
Түнде менде тынымсыз тіршілік бар,
Бірақ оны көбісі аңдамайды.

Толық

Қарап көріңіз