Өлең, жыр, ақындар

Сен кінәлісің

Сен кінәлісің
Өмірді сүймегенің үшін
Отына күймегенің үшін
Жақсы ой түймегенің үшін

Сен кінәлісің
Адамға сенбегенің үшін
Жақсыға ермегенің үшін
Досыңа серт бермегенің үшін

Сен кінәлісің
Адамды алалағаның үшін
Шындықты жалалағаның үшін
Өзіңе керектіні қаламағаның үшін

Сен кінәлісің
Өз тіліңді білмегінің үшін
Ана тілде ойнап-күлмегенің үшін
Ата-баба дәстүрімен өмір сүрмегенің үшін

Сен кінәлісің
Елге еңбек етпегенің үшін
Маңдай терді төкпегенің үшін
Алға қойған мақсатыңа жетпегенің үшін

Сен кінәлісің
Шындықты жырламағаның үшін
Өтірікті қорламағаның үшін
Әлсізді қиындықта қорғамағаның үшін



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен өмірді қалаймын!

  • 1
  • 6

Нашақорлық бұзады сау адамды,
Санаңды улап, бұл жаман аздырады.
Бұл ісіңнен денсаулығың әлсірер
Ей, бауырлар, аулақ ұста бойыңды.

Толық

Мен кіммін?

  • 0
  • 0

Таудай болып көрінсе де талабым,
Құстай жүйрік болса-дағы қаламым.
Мен жәй ғана көлеңкесі​ - жарымның,
Балаларға мейірімді анамын.

Толық

Үнсіздік

  • 0
  • 0

Үнсіздік, бәрін жеңеді үнсіздік,
Мың сұраққа жауап болған үнсіздік.
Жүрегіңде болса егер тыныштық,
Бәрін жеңеді, ұлы деген үнсіздік.

Толық

Қарап көріңіз