Өлең, жыр, ақындар

Кенесарының күңіренуі

  • admin
  • 27.12.2023
  • 0
  • 0
  • 86
Намысын қорғаумен алты Алаштың,
Жаралы көкжалдай жанталастым.
Опасыз жалғанда,
Қапыда қалғанда,
Жете алмай арманға,
Ажалдың қақпанын ерте бастым.
Алды­артым қызыл өрт жалындаған,
Қалдың­ау, ата кек, алынбаған!
Басымды шабарсың,
Табанға саларсың,
Масқара боларсың,
Қасқырдай талаған қалың надан.
Адасқан, қазағым, бұралаңда,
Көнбедің басыңды құрағанға.
Жүгіртіп мың саққа,
Салсаң да бұлтаққа,
Не дерсің ұрпаққа,
«Кенекем қайда!?» деп сұрағанда.
Қырдағы тарпаң ем,
Судағы шортан ем,
Шынымен қырсықтың шалғаны ма?
Қан қатып алдаспан балдағына,
Қайран жұрт қорғансыз қалғаны ма?
Байтақ ел – бауырым,
Ақ орда, ауылым,
Тапсырдым Абылай аруағына!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зайсан жағасында

  • 0
  • 0

Айбек­ау, Зайсан деген көл осы ма,
Маңырақ, Сайқан деген жер осы ма?
Бұл маңда бабаларым жатқан шығар,
Белгісіз дұға оқиын моласына.

Толық

Аянның көктасындағы жазу

  • 0
  • 0

Еске алып басқан күнді қара тұман,
Ескерткіш тас тұрғыздық ел атынан.
Үзілген бір қауырсын жатыр мұнда,
Сәкендей ақ сұңқардың қанатынан.

Толық

Жалғыз көкек

  • 0
  • 0

Ұшасың, жалғыз көкек, тау күзеткен,
Таңғалып тағдырыңа жалғыз өткен.
Сен едің аңыздағы ерке сұлу,
Ғайыптан құсқа айналып мәңгі кеткен.

Толық

Қарап көріңіз