Өлең, жыр, ақындар

Он үш шабдалы

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 63
Алып келген шабдалы
Он үш едi.
Нарқы қымбат базардың
Жемiсi едi.
Əкесiнiң əуес ас
Базарлығын
Үш баласы қалайша
Бөлiседi?
Дəл бөле алмай үш бала
Тартынып тұр.
Үшке бөлсе, бiреуi
Артылып тұр.
– Ол артығын мен жейiн
Үлкенмiн, – деп
Үлкенiнiң өкпесi
Алқынып тұр.
– Жасым үлкен, үлкенмiн
Бой жағынан.
Осы əдiлдiк келсек те
Жол жағынан...
– Болмайды, – деп көнбейдi
Екi iнiсi,
Сол жағынан шығып бiр,
Оң жағынан.
Еш ақылға үшеуi
Келiспедi,
Күн ұзаққа созылып
Керiстерi.
Бiреуiне бiреуi
Берiспедi,
Мəмiлеге келмедi,
Жеңiспедi...
Болмас, сiрə, бермесем
Өзiм бөлiп,
Бұл таласты тұрған соң
Көзiм көрiп,
– Ал, тыңдаңдар үшеуiң
Мен бөлейiн,
Мынау менiң тоқетер
Сөзiм берiк.
– Бесеуi – «беске» оқитын
Саған тисiн,
Төртеуi – «төртке» оқитын
Саған тисiн,
Үшеуi – «үшке» оқитын
Саған тисiн...
Он үшiншi – əдiл би
Маған тисiн.
Қарамаңдар жасқа да,
Бой жағына,
Қарау керек əрқашан
Ой жағына,
Бiреуiң дау айтпайсың
Бұл бөлiске,
Бұдан былай сал күштi
Сол жағына...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кімнен қорықты?

  • 0
  • 0

Үшiншi класта оқитын – Нұрлан,
Екiншi класта оқитын – Құрман,
Бiрiншi класта оқитын – Нұрман,
Балабақшаға баратын – Құрбан,

Толық

Мақтаныш

  • 0
  • 0

– Жарқын бiздiң күнiмiз,
Бойшаң болып келемiз.
Салмағымыз,
Құнымыз,

Толық

Жұман біздің жасасын!

  • 0
  • 0

Күн жайдары жаз едi,
Қайғымыз жоқ басқадай.
Ауыл маңы саз едi,
Ортасында тоспа бар.

Толық

Қарап көріңіз