Өлең, жыр, ақындар

Жарқылдап өткен күндерім

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 66
Жарқылдап өткен күндерім,
Арманға тұнған түндерім,
Көзімнен ұшқан гүлдерім,
Жалын боп шарпып жанымды
Өтетіндеріңді білмедім.
Кететіндеріңді білмедім.
Бүгінгі думан-дүрмегім,
Сайран сап сақ-сақ күлгенім.
Сапырып, шалқып жүргенім,
Өшіріп қайта өртімді,
Өкініп көзді ілмедім.
Өткенді қайдан іздермін.
Алқынбай, талмай, арымай,
Түгіңе тозаң дарымай,
Лебіңмен мәңгі қарымай,
Зымырап зулап өттің-ау,
Бал дәурен жастық шағым-ай,
Жібек жал арғымағым-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аялай бер, домбыра, арманымды

  • 0
  • 0

Аялай бер, домбыра, арманымды,
Сен жақынсың жардан да жанға мұңлы.
Менде өшкен сезімді қайта оятып,
Қайта атыр көрмеген таңдарымды.

Толық

Өмір

  • 0
  • 0

Тәуекел атты тарланның,
Тұяғын тұқыл тағалап.
Таптырмас тарпаң арманның,
Қап тауын жүрмін аралап.

Толық

Қарасай бабаға

  • 0
  • 0

Қолдасын Аруағың, батыр бабам,
Рухың өзгелерден жақын маған.
Қол жайып қысылғанда бір өзіңе,
Келеді ғұмыр кешіп ақын балаң.

Толық

Қарап көріңіз