Өлең, жыр, ақындар

Аялай бер, домбыра, арманымды

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 114
Аялай бер, домбыра, арманымды,
Сен жақынсың жардан да жанға мұңлы.
Менде өшкен сезімді қайта оятып,
Қайта атыр көрмеген таңдарымды.
Шабыттанып шалқиын, шарықтайын,
Қос ішегің – қос қанат, қалықтайын.
Қуанышым телегей теңіз еді,
Жүректі де барады жарып қайғым.
Сергиді екен сорлы ақын сезіміне,
Кемиді екен кейістеу өз үніне.
Құба таңдар қуартып кетсе жүзді,
Қуат бергін сен менің төзіміме.
Үнің болып тылсымға таралайын,
Таралайын, әлемді аралайын.
Жүректері жыртылған мұңдылардың,
Жүрегіне жамау боп жамалайын.
Сонда менің ашылып қас-қабағым,
Қара тасты мамықтай жастанамын.
Қалдырмаймын, домбырам, сені бірақ,
Қалмаса да басымда басқа бағым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Ала гөр» деме Аллаға

  • 0
  • 0

«Ала гөр» деме Аллаға,
Ал демесең де кетесің.
Артынан ата-анаңның,
Арулап тәнді жетесің.

Толық

Қызығын бұл жалғанның...

  • 0
  • 0

«Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын,
Болсам да малға кедей, тілге баймын.
Күніне мыңды алып, жүз берсем де,
Қалтамның түбі тесік байымаймын».

Толық

Амандық бер, бір Алла, балаларға

  • 0
  • 0

Амандық бер, бір Алла, балаларға,
Қайғы салма ата мен аналарға.
Байлық, бақыт, кедейлік кемдік емес,
Тойсам тоба қара су, қара нанға.

Толық

Қарап көріңіз