Өлең, жыр, ақындар

Мен туыппын көктемде

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 99
Перзент көрмей әкемнің ерні кепкенде,
Атанып бедеу, қасірет анам шеккенде.
Есіркеп халық,
«Ашқай деп бағын пақырдың»,
Үлкенді-кіші Алладан тілек еткенде.
Келіппін мынау дариға дарқан өмірге,
Тебіндеп өңір, тебіреніп жатқан көктемде.
«Сүйінші» деп сұратпай кіндік кескенге –
Жауыпты әкем шапанын жалғыз шешкенде.
Баспақ боп мауқын аңсаумен өткен жылдардың,
Қолына алып, шөліркеп келіп өпкенде.
Шынтақтай дене шырылдап жатқан бейкүнә,
Телегей теңіз толқыған жыр боп кеткен бе?
Өйткені, достар, осы бір ғажап көктемде,
Сәулелі шуақ күн нұрын жерге төккенде.
Жыр болып жаным, гүл болып жаным тербеліп,
Нөсер боп төгіп өтеді бір сәт көктен де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жыр селі

  • 0
  • 0

Кейбірде жігерім құм болып,
Талықсып құлаймын төсекке.
Жырсыз күн өтеді мұң болып,
Саналмай тіршілік есепке.

Толық

Күй

  • 0
  • 0

Жер мен көктің қосылып,
Күңіренген үніңдей.
Күй шығарсам деп едім,
Қорқыт баба күйіндей.

Толық

Күз суреттері

  • 0
  • 0

Сарғыш тартып барады жапырақтар,
Салқын тартып барады атыраптар.
Құстар даусы қияннан естіледі,
Қайда кетіп барады, бақылап қал.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар