Өлең, жыр, ақындар

Жалынға жанды жанып ап

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 89
Бой түзеп жапан далада,
Қайындай жалғыз сыңсыған.
Мен кейде жеке қалам да,
Ойлардан ойға тұншығам.
Ағаны тағдыр бермепті,
Арысам арқа тұтатын.
Артымнан іні ермепті,
Ашуым келсе ұрсатын.
Балалық балдыр белеңі,
Көнілден кетті жылыстап.
Ата-ана болып дегені,
Шертпедім сезім дұрыстап.
Шыңдардан асып шырқамай,
Айналып ұштым тұғырда.
Армандар қалды бірталай,
Айтылмай жүрген жырымда.
Қобыздың жалғыз қылындай,
Солқылдап жанның сыздауы.
Жарқ еткен үміт бұрылмай,
Жанардан жасым жүз жауды.
Әке отыр жанартау сынды,
Атылмақ болып ентігіп.
Сапарға шықсам маусымды,
Сайрандай алман желпініп.
Жалынға жанды жанып ап,
Алысқа бұрсам бетімді.
Қасиет қонған шанырақ,
Шайқалып кетер секілді.
Көп болып жасақ жинаман,
Жалғыз боп жапа шеккем жоқ.
Кезімді кейбір қиналған,
Отырмын сыр ғып шерткен боп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақытына ұқсамайтын басқаның

  • 0
  • 0

Бақытына ұқсамайтын басқаның,
Бақытым бар,
Бақытсыз деп қашпағын.
Кештеу келіп өмірімнің көктемі,

Толық

Күннен-күнге барамын ба бөтенденіп

  • 0
  • 0

Күннен-күнге барамын ба бөтенденіп,
Сыр бердің, сылқым өмір, секемденіп.
Өзіңді өліп-өшіп сүйгендіктен,
Деуші едім «құшағыңда кетем бе еріп?»

Толық

Ақандай сері жоқ па?

  • 0
  • 0

Ақандай сері жоқ па ән салатұғын,
Ат жоқ па Құлагердей шабатұғын.
Құлагер десе қысып тақымымды,
Әнінен болдым ауру табатұғын.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар