Өлең, жыр, ақындар

Ұмытсам деймін

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 130
Ұмытсам деймін,
Дұшпанның таба жаласын,
Дұшпансыз кімді табасың?
Керегі қанша жаңғыртып,
Жаныңның ескі жарасын.
Ұмытсам деймін,
Ортайған, толған кездерді,
Мадақтау, қанқу сөздерді.
Өзгермей одан өмірім,
Олардың бәрі өзгерді.
Ұмытсам деймін,
Өкініш, наза, өкпені,
Өкінткен кездер көп мені.
Жақсылық білмес жаманның,
Жаныма батты сөккені.
Ұмытсам деймін,
Ұмыта алсам барлығын,
Туғандай болып дәл бүгін.
Өткені құрсын, өкініш,
Өртене берме, жан гүлім.
Ұмытсам деймін:
Барлығын бастан өткеннің,
Әсерін күздің, көктемнің.
Ойлай да ойлай сарғайдым,
Түбіне ойдың жеткен кім?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәмбі тал

  • 0
  • 0

Тамырлап тақыр шөлге өніп,
Желегін жайып желге өріп,
Жапанда жалғыз сәмбі тал,
Сыңсиды баяу тербеліп.

Толық

Атыңнан айналайын, Алла деймін

  • 0
  • 0

Атыңнан айналайын, Алла деймін,
Алласыз бұл тіршілік бар ма деймін.
Ғаламның он сегіз мың егесіне,
Ешбірің жалбарынбай қалма деймін.

Толық

Ит өлім

  • 0
  • 0

Рас болса өмірге адам боп келгенің,
Адам болып, адал өл, ит өліммен өлмегін.
Өлексеге таласқан бұралқы иттер секілді,
Ит өлімдер көбейді, жеңілген кім, жеңген кім?

Толық

Қарап көріңіз