Өлең, жыр, ақындар

Өлеңдерім, өмірлік жан асылым

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 147
Өлеңдерім, өмірлік жан асылым,
Табар бір күн өмірден жарасымын.
Әрбір сөзі – дүрсілі жүрегімнің,
Әрбір сөзі – жанарым-қарашығым,
Жан асылым өлеңім – жанашырым.
Мұратымның мұқалмас биігісің,
Сан ойлардың сарғайтқан түйінісің.
Әр жолында қуаныш, сүйінішім,
Әр жолында өкініш, күйінішім.
Болса менің өкініш, күйінішім,
Әлем деген тынышсыз үйім үшін.
Еріп келем, өлеңім, жетегіңе,
Кейде шошып тығылам етегіңе.
Бір шумағым – алғысым бүгінгіге,
Бір шумағым – қарғысым кешегіге.
Қабырғасын халықтың қайыстырған,
Кешегі күн есімнен кетеді ме?
Жан асылым, жасампаз өлеңдерім,
Таудан биік, мұхиттан терең бе едің?
Тыныштығын елінің ойлайды ғой,
Халқым деген қамқоршы, кемеңгерім.
Тыныш ұйықта, ақыным, Отаныңды,
Күзетуде ер жүрек өрендерің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әке ескерткішіне

  • 0
  • 0

Терің тамған топырақ,
Терің тамған тастардан,
Өзің жатқан торқалы,
Топырақтан жастанған.

Толық

Арманым жоқ

  • 0
  • 0

Тәуелсіздікке тағзым етіп бүгілдім,
Тыныштығы үшін көрген күнімнің.
Тыныштығы үшін сүмбіл түнімнің.
Ай мүйізді, ашатұяқ құдайы,

Толық

Шалма аяқтан

  • 0
  • 0

Шалма аяқтан, келсін шамаң, келмесін,
Көре алмау да – көңілі ояу ерге сын.
Артық кетіп, кем алдым деп күйінбе,
Аларыңды ап, береріңді бергесін.

Толық

Қарап көріңіз