Өлең, жыр, ақындар

Аман-сау, достым, жүрсің бе?

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 121
Аман-сау, достым, жүрсің бе?
Қолыңды берші, күрсінбе.
Қағусыз кеткен қарабет
Қадіріңді сенің білсін бе?
Қан жылап қайран жүрегің,
Өртеді намыс білемін.
Сарғайған күн жеп қағаздай,
Қалыпты семіп іреңің.
Жалының қайда кешегі?
Үмітің неге өшеді?
Опасыз сайқал опық жер,
Деме оны өмір кешеді.
«Ар-намыс өртеп өзекті,
Қаңқу сөз жанды мезі етті»,
Дейсің-ау, досым, дейсің-ау,
Бәрі де бәрі кезекті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіңсің ақын

  • 0
  • 0

Өзіңсің ақын, түн бойы тұңғиық ойда жататын,
Бір шумақ сырлы жырменен қарсы алып таңды ататын.
Сайраса құстар сан түрлі сыр түйіп тыңдар сен ғана,
Күй шертер күйшің – табиғат, мұңдасың, досың – кең дала.

Толық

Жүрегі перне жан едім

  • 0
  • 0

Алдыма алып әлпештеп, жасымнан шерткен сырласым,
Жүрегім менің бар болса, пернең боп сенің жырласын.
Жырламай қалар сор перне шанағы бір күн сынғасын,
Жырламай қалар сор жүрек соғуы бір күн тынғасын.

Толық

Қайран өлең қашырды да ұйқыны

  • 0
  • 0

Қайран өлең қашырды да ұйқыны,
Ұйқы шіркін шығарады ұйқы-тұйқыны.
Самайдың да қыраулары молайып,
Көздің алдын басты әжім қиқымы.

Толық

Қарап көріңіз