Өлең, жыр, ақындар

Бар еді менде бір костюм

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 90
Бар еді менде бір костюм,
Тарынған емен жоқтыққа.
Қанағат еттім тоқтыққа,
«Северге» тиын жеткенмен,
Жетпейтін тиын оттыққа.
Бар еді сенде жай ғана,
Қонаққа киер бір көйлек.
Жүрмеуші ең бірақ күргейлеп.
Қарайтын халық сыртыңнан,
Сонда да саған гүлдей деп.
Жақсы еді-ау сол кез, жақсы еді-ау,
Шат еді көңіл күйіміз.
Той думан еді үйіміз.
Жолдас та, дос та көп еді,
Бас қосушы едік жиі біз.
Ал қазір менде машина,
Костюмның саны жетерлік.
Қаншасы тағы шет елдік.
Фильтрлі сигар болмаса,
Басқасын шегу бекерлік.
Сен де бар қазір бәрі де,
Сөз бе екен шіркін көйлек те.
Жуу мен жинау бейнет те,
Тоңымның түрі аздау деп,
Айтатын болдың кейде өкпе.
Жақсы ғой бәрі жақсы ғой!
Жоқшылық мәңгі күйреді.
Қамсызбыз сыртта, үйде енді,
Азайып, бірақ дос-жора,
Бас қосу неге сиреді?...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ой да жоқ, ойландырған арман да жоқ

  • 0
  • 0

Ой да жоқ, ойландырған арман да жоқ,
Армандап мейірім шөлім қанған да жоқ.
Тойымсыз құзғын құлқын шоқымаған,
Жалғанда өлексе де қалған да жоқ.

Толық

Құл болмайды ер жігіт

  • 0
  • 0

Ешқашан қатынға еркек құл болмайды,
Құл болса елін қорғар ұл болмайды.
Қатынына құл болған ер кіндікте,
Қарабақыр құнындай құн болмайды.

Толық

Құлажанов Құралбекке

  • 0
  • 0

Шалқыған көл дария көңіліңмен,
Басқаға үлгі болдың өміріңмен.
Бәйдібек ұрпағының ішіндегі,
Біртума азаматсың жөні бөлек.

Толық

Қарап көріңіз