Өлең, жыр, ақындар

Мұң ұялай береді жанарыма

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 87
Мұң ұялай береді жанарыма,
Қуанышым азайып барады ма?
Құсы кеткен күздегі көл секілді,
Көңілдің де базары тарады ма?
Көлеңке де түскен бе ажарыма?
Көктем түгіл, қыста да қылшылдаған,
Шақыратын сапарға сыршыл далам.
Асыр салып айызым қанғанымша,
Ақ қарына аунаушы ем бұрқылдаған,
Арман болып сен де енді тұрсың маған.
Қысың түгіл, қызықсыз көктемің де,
Жайбарақат жатырмын текке, міне.
Қырдан асып қызғалдақ тереміз деп,
Жүруші едік көк белдің бөктерінде,
Дірілдеген мөлдір щық шөптерінде.
Мас боп қайтып жусанның иісінен,
Қалғушы едік жас төлдің күйісімен.
Сары қымыз, сап-сары таба нанның,
Бұрқырайтын иісі үй ішінен.
Жатушы едік жамылып сеңсең тоңды,
Ащы айран, ащудастың иісі сіңген.
Айдай жүзіп бал дәурен айдынында,
Бар екенін білмеппін қайғының да.
Темір еді мен үшін алтын, күміс,
Көңіл еді көл-көсір байлығым да.
Қайда кеттің қамсыз күн, қайран жылдар,
Қалай ұғам жабырқау жайды мына.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақындар-ай, ақындар

  • 0
  • 0

Ақындай мейірімді,
Әлемде жан бар ма?
Анадай тербетіп,
Таңдардан таңдарға,

Толық

Мен туыппын көктемде

  • 0
  • 0

Перзент көрмей әкемнің ерні кепкенде,
Атанып бедеу, қасірет анам шеккенде.
Есіркеп халық,
«Ашқай деп бағын пақырдың»,

Толық

Алла, Аруақ жебеді

  • 0
  • 0

Алла, Аруақ жебеді,
Қатарға қосты, теңеді.
Ата-анадан бір жалғыз,
Жарым көңіл мен еді.

Толық

Қарап көріңіз